«Әкімдердің

25 қараша 2024 ж.

№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » "Ұлттық қор – балаларға"

"Ұлттық қор – балаларға"



Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым" сайлауалды бағдарламасын ұсынғанына бір жыл өтті.
Сайлауалды бағдарлама аясында осы бір жыл көлемінде жасалынған жұмыстар аз емес. Бірінші кезекте әлеуметтік сала бойынша жасалынған жұмыстарға тоқталып өтер болсам:
“Жақында ғана мемлекет басшысы "Ұлттық қор – балаларға" жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу үшін заңнамалық түзетулерге қол қойды. Оның аясында Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық бала арасында бөлінетін болады. Бала қаражатты кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім алуға немесе баспана сатып алуға пайдалана алады”,
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көбейді.
Бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды. Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша шамамен 632 мың ата-ана 258 млрд теңгеден астам сомаға төлем алған.
2029 жылға дейін 3,3 млн-нан астам азаматты жұмыспен қамту міндетін жүзеге асыру үшін 450 мың жаңа жұмыс орнын құру, оның ішінде жастарға арналған 200 мың жұмыс орнымен (44%-ын) қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Азаматтарды жұмыспен қамту міндетін жүзеге асыру үшін Жаңақорған ауданы бойынша Жыл басынан бері жұмыс іздеуші ретінде Халықты жұмыспен қамту орталығына 6423 хабарласса (жастары-2149), жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылған азаматтардың саны барлығы 4327 адам (жалпы хабарласқандарға шаққандардың 67,3 пайызы) жұмысқа орналастырылды. Ресми жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны-4260, 01 қараша бойынша ресми жұмыссыздар саны-2127. (2022 жылдан 2023 жылға жалғастырушы жұмыссыздар санын қоса алғанда).

Атап айтқанда:
-Тұрақты жұмыс орындарына - 1386 адам; (оның ішінде жастары-383)
-Әлеуметтік жұмыс орындарына-65 адам;
-Жастар практикасына-383 адам. 2022 жылдан 2023 жылға 205 адам жалғастыруда.
-Қоғамдық жұмыс орындарына-1345;
-Мемлекеттік грант алған - 163 адам;
-«Алғашқы жұмыс оырндарына»-25; 2022 жылдан 2023жылға 32 адам жалғастыруда.
-«Ұрпақтар келісім шартына»-3адам; 2022 жылдан 2023 жылға 5 адам жалғастырды.
-«Бастау –бизнес» жобасына оқуға жолданғандар -891, адам;
-Күміс жас жобасына қатысқандар саны-79
2023 жылы 3370 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды.
Осыдан жоспарланған 3370 жаңа жұмыс орнынан 3457 жаңа жұмыс орындары құрылып, жылдық жоспар 102,6 пайызға орындалды.Тұрақтысы 1529 немесе 97,0 пайыз.
Ауданда 10 рет бос жұмыс орындарына жәрмеңкелер өткізу жоспарланса, бүгінгі таңға 10 рет өткізіліп,128 жұмыс беруші 410 бос жұмыс орындарын ұсынды. Оған 55 азаматқа жолдама берілді.
Нысаналы топтағы 231 адам хабарласып, жұмысқа орналасқаны 36 немесе 15,6 пайыз. Оның ішінде хабарласқаны: мүгедектер – 221, жазасын өтеп келгендер – 10. Осыдан жұмыспен қамтылғаны: мүгедектер- 26(жоспар-45) есептік кезенге 11,7 пайыз. жазасын өтеп келгендер -10.
09 қаңтар 2024 ж. 183 0