№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Ұлттық қор – балаларға»: Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражаты 10 жыл сақталады

«Ұлттық қор – балаларға»: Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражаты 10 жыл сақталады

Ұлттық қордың инвестициялық табысынан аударылатын қаражат бала 18 жасқа толғаннан кейін 10 жыл шотында сақталады. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды Kazinform.

«2023 жылғы 1 қазандағы ресми деректер бойынша елдегі 18 жасқа дейінгі балалардың жалпы саны шамамен 7 млн адамды құрап отыр. Парламент қабылдаған Заңға сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі барлық жастағы балалар арасында тең бөлу көзделген. Ұлттық қор қаражатын білім алуға және тұрғын үй жағдайын жақсартуға бағытталған нақты екі мақсатта пайдалану ұсынылады. Білім алу бағыты бойынша қаражатты жоғарғы оқу орындарының ақысын төлеуге немесе мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне аударуға мүмкіндік беріледі. Шетелдік оқу орнында оқу ақысын төлеуге қаражатты пайдалану шектелмейді», – деді вице-министр.

Оның атап өтуінше, тұрғын үй жағдайын жақсарту бағыты бойынша қаражатты тек Қазақстан Республикасы аумағында ғана пайдалануға рұқсат етіледі. Сонымен қатар, бұл қаражатты бастапқы жарна, ипотекалық қарыздар бойынша төлем ретінде аударуға мүмкіндік беріледі.
«Қазақстан Республикасының азаматтары 18 жасқа толғанға дейін – «Қатысушылар» болып есептеледі, кәмелетке толғаннан кейін – «Алушылар» санатына көшеді. 18 жасқа толған кезде жинақталған қаражат баланың айрықша меншігі болады. Уәкілетті операторларға өтініш бергеннен және шот ашқаннан кейін жинақталған қаражат көрсетілген шотқа аударылады.

Сондай-ақ, алушылар ретінде заңды өкілдер мен мұрагерлер де бола алады. Бала 18 жасқа толғаннан кейін шоттағы қаражат 10 жыл бойы сақталатын құқық беріледі. Шоттағы қаражат 10 жыл ішінде талап етілмеген жағдайда, сол адамның зейнетақы шотына аудару мүмкіндігі бар. Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалтқан кезде төлемдерге талап қою құқығы да жойылады», – деді Дәурен Темірбеков.
 
27 қазан 2023 ж. 284 0