№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңа ережелерге жол ашады

Жаңа ережелерге жол ашады



ҚР Президенті Қ.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында зейнетақы жүйесінің тиімділігін арттыру бойынша жаңа шаралар топтамасын ұсынды. Олар мыналар:

Әйелдер зейнеткерлікке 61 жаста шығады. 2023 жылдан бастап әйелдердің зейнеткерлік жасын жоспар бойынша арттыру 61 жасқа белгіленіп, 5 жылға дейін тоқтата тұру ұсынылды.
Бұл шара коронавирус пандемиясының азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру ұзақтығына теріс әсер еткенін ескере отырып қабылданды. Сондықтан алдағы 5 жыл ішінде денсаулық сақтау жүйесін жақсарту жөнінде шаралар қабылданатын болады.
Қазақстанда зейнетақы төлемдері өседі. 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап 2027 жылға дейін ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54%-ынан 70%- ына дейін, ең жоғарғысын – тиісінше 100 %-дан 120 %-ға дейін кезеңкезеңімен жеткізу көзделуде.
Осы кезеңде базалық зейнетақы мөлшері орта есеппен 51%-ға дейін артатын болады.
Бұл ретте, базалық зейнетақының орташа мөлшерінің жыл сайынғы өсуі шамамен 13%-ды құрап, барлық 2 млн. зейнеткерді қамтиды.
Бала күтімі бойынша жәрдемақы төлеу мерзімін бір жылдан бір жарым жасқа дейін ұлғайту көзделіп отыр.
Аталған норма жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналарға бірдей қолданылады.
Бұл құқықты жарты миллионға дейін ата-ана пайдаланатын болады. Бұл төлем бүгінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына аударымдар жүргізілген табыстың 40%- ын құрайды. Бала күтімін атқаратын атаана еңбек қызметін қайта бастаған жағдайда, бала күтіміне төленетін жәрдемақы тоқтатылуы қажет.
Жаңа Әлеуметтік кодекс бойынша егер бала күтімін жүзеге асыратын ата-ана МӘСҚ-дан әлеуметтік төлем алу кезеңінде еңбек қызметін қайта бастаса, онда әлеуметтік төлем мөлшері бала күтімі жөніндегі жәрдемақының бюджеттен төленетін мөлшері деңгейінде жүргізілетін болады.

Еңбек және әлеуметтік қорғау
Комитетінің Қызылорда облысы
бойынша департаменті
26 қыркүйек 2022 ж. 537 0