№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ұрпақ қамын ойлаған ұтымды бағдарлама

Ұрпақ қамын ойлаған ұтымды бағдарлама



Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Президенті болып сайланғанына бір жылға таяп қалды. Былтыр 20 қарашада өткен сайлау нәтижесінде халықтың 81 пайыздан артық дауысына ие болып, жеңіске жеткені көптің есінде. Арада алты күн өткен соң ұлықтау рәсімі өтіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент лауазымындағы жаңа 7 жылдық өкілеттігін бастаған болатын.
Міне, содан бері Мемлекет басшысы 21 шет елге іс-сапармен барып, қызметін атқаруды қолға алды. Осы сапарлардың бағытынан-ақ еліміздің сыртқы саясатта ұстанған көпвекторлы дипломатиясының көрінісін байқауға болады. Ал ішкі саясатта бір жылда не өзгерді? Президенттің сайлауалды бағдарламасында уәде еткен мақсат-міндеттерінің орындалу барысы қандай? Соның маңызды деген бағыттарына тоқталсақ.
Сонымен өткен жылы қыркүйек айындағы Жолдауында көтерген «Ұлттық қор – балаларға»жобасы барша қазақстандықты қуантты. Содан бері 1 жыл ішінде жобаны жүзеге асыру тетіктері пысықталып, енді іске қосылу жағы қаралуда. Оған жақында ғана мемлекет басшысының «Ұлттық қор – балаларға» жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу үшін заңнамалық түзетулерге қол қоюуы дәлел. Заңнама іске асырылып жатса қор аясында инвестициялық табыстың 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық бала арасында бөлінетін болады. Сондай-ақ бала бұл қаражатты кәмелеттік жасқа толғаннан кейін білім алуға немесе баспана сатып алуға пайдаланатын болады. Бұл қаражат өскелең ұрпақтың үлкен өмірге қадам басуына мүмкіндік береді.
Осы орайда ұрпақ қамын ойлаған ұтымды бағдарлама «Ұлттық қор – балаларға» жобасы ел болашағына деген үмі­тімізді арттырып, сенімімізді ны­ғай­та түсетін қадам болады деп ойлаймыз.
21 қараша 2023 ж. 262 0