№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Әлеуметтік мәселелер – басты назарда

Әлеуметтік мәселелер – басты назарда

Қазақстан Республикасының «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заңында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалады және 42500 теңгені құрайды. Ең төменгі күнкөріс деңгейі 1634 теңгеге артып, 34302 теңгені құрайды.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап ынтымақты зейнетақы 7 пайызға артады, бұл ретте, оның еңтөменгі мөлшері – 43272 теңгені құрайды. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 5 пайызға ұлғаяды, оның ең төменгі мөлшері – 18524 теңгені құрайды.
Мүгедектік бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күн көріс деңгейінің мөлшеріне, мүгедектіктің тобымен себебіне, асыраушысынан айырылған жағдайда – асырауындағы адамдар санына және тиісті қаржыжылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшеріне байланысты болады. Мәселен, 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты 5 пайызға арттырылады. Мәселен, 2021 жылдан бастап жалпы аурудан мүгедектікке берілетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы мөлшері мүгедектік тобынан 35675 теңгеден 65860 теңгеге дейін болады.
Асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы асырауындағы адамдар санына байланысты 29500 теңгеден 72377 теңгеге дейін болады. Бала тууына байланысты бір жолғы жәрдемақы көбейеді: бірінші, екінші, және үшінші балаға – 110846 теңгеге дейін (38 АЕК), төртіншісі үшін – 183771 теңге (63 АЕК). Жұмыс істемейтін әйелдер үшін бір жасқа дейінгі баланы күтуге ай сайынғы жеңілдіктер: бірінші балаға – 16802 теңге (5,76 АЕК), екінші балаға – 19865 теңге (6,81 АЕК), үшінші балаға – 22899 теңге (7,85 АЕК), төртінші және одан кейінгі балаларға – 22899 теңге (6,81 АЕК).
«Алтын алқа» және «Күміс алқамен» марапатталғандар немесе бұрын «Батыр Ана» атағын алғандар немесе I және  II дәрежелі «Ана даңқы» ордендермен наградталған көпбалалы аналарға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы табысына қарамастан төленеді, мөлшері 18669 теңгені құрайды.
Мүгедектік баланы кәмелеттік жасқа дейін тәрбиелеп отырған анасына немесе әкесіне, асырап алушысына, қамқоршысына (қорғаншысына) тағайындалған және төленетін жәрдемақы мөлшері 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап 48023 теңгені құрайды. Осындай мөлшерде бала кезінен бірінші топтағы мүгедек баланы күту бойынша жәрдемақы төленеді.
Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақының мөлшерлері де көбейтілетін болады: төрт балаға – 46760 теңге (2917×16,03АЕК), 5 балаға – 58457 теңге (20,04АЕК), 6 балаға – 70154 теңге (24,05АЕК), 7 балаға – 81851 теңге (28,06АЕК), 8 балаға – 93344 теңге (32АЕК), 9 балаға –
105012 теңге (36АЕК), 10 балаға – 116680 теңгені (40АЕК) құрайды.
Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан асыраушысынан және еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдер 5 пайызға көбейтілетін болады.

Әлия АБЛАЕВА,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының
Қызылорда облысы бойынша  филиалының әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі Жаңақорған аудандық
бөлімінің басшысы
28 қараша 2020 ж. 710 0