Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қытымыр қыс: Төтеншеге тосқауыл қалай...

Қытымыр қыс: Төтеншеге тосқауыл қалай...


Қыс қыр астында, сондықтан қыстағы қарқын суға, алапат өртке, тау беткейдегі аязға, жалпы қандай төтенше жағдай болсын тосқауылға дайын тұру аса маңызды. Бұл ең бірінші міндет. Осыған орай өткен апта соңында жұмылдыру кезінде кент, ауылдық округтер де хабардар ету штабының құрылуы, атқаратын міндеті , сондай-ақ материалдық-техникалық базасының жабдықталуы бойынша семинар өтті. Шалқия кенті әкімі аппаратының мәжіліс залында ұйымдастырылған дайындық жұмысына жауапты сала мамандары мен ауыл әкімдері қатысып, нақты тапсырмаларды міндеттеді.

Семинарды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы Нұрбол Есеналиев ашып, жиынға модераторлық жасады.
– Ауданда жұмылдыру кезеңінде атқарылатын іс-шараларда жүргізілетін жұмыстарды талқылай отырып, кент және ауылдық округі әкімдерінің жұмысын жетілдіру мақсатында жиналдық. Түйінді мәселелер мен олардың шешілу жолдарын бірлесе отырып, талқылау қажетпіз. Алдымызда атқаратын жұмыстар маңызды, ең бастысы, қауіпсіздікті қатаң бақылауда ұстауымыз керек, – деді Н.Есеналиев.
Семинарға аудан әкімінің орынбасары Б.Нуридинов, облыстық қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Ғ.Тасжанов және Шиелі ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Р.Шәріпбаев пен әскери мамандар қатысып, нақты жоспарды жүйеледі.

Күн тәртібінде екі мәселе қаралып, ұсыныстар айтылды. Шалқия кенті аумағында жұмылдыру ресурстарын құлақтандыру, жинау және жөнелту жоспары. Екінші, Шалқия кентінің хабардар ету штабының жұмысын іс жүзінде таныстыру. Алдымен аталған мәселелерге байланысты кент әкімі Ғалымжан Бегайдарұлы мәлімдеме жасап, таныстырып өтті.
Иә, қандай жағдайда да төтенше іске тосқауыл болған өте абзал. Сондықтан әрбір жауапты сала мамандары жұмылдыруға жұмыла қарап, кез келген жағдайға дайын тұруы құптарлық. Мүмкіндік болса алдағы уақытта да семинарлар жиі өткізіліп тұратынын хабрдар етті. Бұл ел қауіпсіздігінің тағы бір кепілі.

Әли ТЕМІРБЕК


08 қаңтар 2024 ж. 276 0