№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мемлекеттік қызметшінің әдебі – қоғам айнасы

Мемлекеттік қызметшінің әдебі – қоғам айнасы


Өткен аптада аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан көлеміндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы мәселелері мен ішкі бақылау қорытындылары тақырыбында кең ауқымды жиын өтті. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев пен облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бибігүл Үмбетованың қатысуымен өткен отырыс барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында туындайтын сұрақтар мен оның шешілу жолы талқыланды.


Аудан әкімі Мұрат Тілеуімбетов қоғамдық кеңес мүшелері, бөлім басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің қатысуымен өткен жиын қоғамдық кеңес төрағасы Қалмұхамбет Тәжіғұловтың төрағалық етуімен өтті. Күн тәртібінде негізгі үш мәселе қаралды. Бірінші департамент басшысы Ғалым Тұрсынбаев аймақ бойынша 2022 жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыс жөнінде тоқталып өтті.
– Жылдың алғашқы үш айында облыста барлық деңгейде 75 бос лауазымды орынға конкурс өтті. Оған 181 адам қатысып, 50 үміткер өз қызметіне орналасты. Ал ішкі конкурс нәтижесінде 18 үміткер өз бағын сынаса, нәтижесінде 14 адам жоғары лауазымға лайық деп танылды. Бұл конкурс толығымен қоғамдық байқаушылардың бақылауында болды. Өткен жылы мемлекеттік қызметшілердің білімін арттыру барысында біліктілігін арттыру курсынан 37, қайта даярлау курсынан 12 қызметкер өтсе, биылға ауданнан қайта даярлау курсынан біліктілігін арттыруда 9 қызметші ғана өткен. Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерді оқыту мәселесін жоспарға сәйкес атқару керек. Бұл өз кезегінде атқарар жұмыстарыңыздың нәтижелі болуына сеп, – деді ол.
Департамент басшысы өз сөзінде, жыл басынан бері облыс бойынша әдеп жөнінде кеңестің 3 отырысы өтіп, онда 20 мәселе қаралғанын сөз етті. Онда 13 қызметші әртүрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылса, әдеп кодексінің талаптарын бұзғаны үшін 4, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бергені үшін 9 қызметкерге тәртіптік жаза қолданылған. Тіпті атқаратын лауазымынан босату туралы шешім шығарылғанын жеткізді. Олардың арасында бір басқарма басшысы, екі облыстық департамент басшысының орынбасары, бес ауыл әкімі, үш аудандық дербес бөлім басшысы мен екі өзге де лауазымды тұлғалар болған. Ал биыл департаменттің жүргізген тексеруінің нәтижесінде заң құқық бұзушылыққа жол берген 3 мемлекеттік қызметші тәртіптік жазаға тартылса, 6 азаматтың құқығы қайта қалпына келтірілген.
Сондай-ақ жиын барысында Ғалым Тұрсынбаев мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерінің сапасын арттыру және қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау басты міндет екенін айтып, халыққа ұсынылып жатқан қызметте бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Одан әрі сөз алған облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі Бибігүл Үмбетова болса Әдеп кодексінің жаңа редакциясын та­ныстырып, әдеп жөніндегі уәкіл­дер­дің жұмысына тоқталды.
Осылайша облыстан келген бас­шылар жұмыс сапары аясында азаматтарға жеке қабылдау өткізіп, толғандырған мәселе бойынша тұр­ғындардың сұрағына жауап берді. Халыққа қызмет көрсету орталығында болып, мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына және қызмет алушыларға жасалған қолайлы жағ­дайларға мониторинг жүргізді.
Мемлекеттік көрсетілетін қыз­меттер саласы бойынша баяндаған аудан әкімі аппаратының басшысы Бахтияр Ахметов ауданда әкімдікке қарасты 6 бөлім, 26 ауылдық округ әкімі аппараты және қорғаныс істері жөніндегі бөлімді қоса алғанда 59 қызмет түрі барына тоқталып, жыл басынан бері барлығы 10437 қызмет түрі көрсетілгенін, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес бірқатар сала қызметтері электронды қызмет көрсету түріне ауысқанын хабарлады. Сондай-ақ «тұрғын үй көмегін тағайындау» мемлекет­тік қызметін көрсету барысында заң бұзушылық орын алғаны ай­тылып, бекітілген стандартқа көз­делген құжаттардың толық жиын­тығы болмаса да 76 өтініш қанағаттандырылғаны дәлелденген.Нәтижесінде ішкі бақылау қоры­тындысымен заң нормаларын бұза отырып қызмет көрсеткені үшін бөлімнің жауапты маманына «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қаралған.
Жиын соңында аудан басшысы Мұрат Жолкелдіұлы сөз алып, жо­ғарыда айтылған мәселелерде жол берілген қателіктер бойынша жұмыс жасалатынын, жұмыскердің құқы толық білуде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілетінін жеткізді.

P.S: Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы әрбір мемлекеттік қыз­меткердің міндеті. Демек, адамдар арасында осы қызметші туралы дұрыс пікір, оң көзқарас, оған деген айқын сенімділік қалыптасуы қажет. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез құлық мәселесі және бар. Сайып келгенде олар мемлекеттік қызметшінің әдебі қоғам айнасы екенін естен шығармауы керек.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
12 мамыр 2022 ж. 577 0