ЖОБАЛЫҚ БАСҚАРУДЫҢ 4 ҮЛГІЛІК БАЗАЛЫҚ БАҒЫТЫ
Бүгін Жаңақорған ауданы әкімі аппаратының басшысы Ахметов Бақтияр Мадиярұлы Ахметовтың төрағалығымен "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл" 4 үлгілік базалық бағыты бойынша кент және ауылдық округі әкімдері мен бөлім басшыларына түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жиналыс барысында мекеме қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс қызметінің бағыттарына байланысты бекітілген бөлімдер (жоба менеджерлері) мен 2023 жылға арналған жобалар картасы таныстырылды. Сондай-ақ, жобалар картасында көзделген тапсырмалар бойынша тыңдаушыларға тереңінен түсіндіріліп, кент және ауылдық округтердегі комплаенс қызметімен тұрақты айналысатын арнайы мамандар бөлу мәселесін көтеру туралы сөз қозғалды.
Жиналыс соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Бактияр Ахметов кент және ауылдық округ әкімдері мен бөлім басшыларын 4 үлгілік базалық бағыты аясында беріліп отырған тапсырмаларды мерзімінде орындауға және тапсырмалардың маңыздылығын ескере отырып жауапкершілікпен қарауға шақырды.