№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Күз – елдің ырысы, құт-берекесі

Күз – елдің ырысы, құт-берекесі

Табиғаттың әсем сыйы — берекелі күз мезгілі. Осыған орай кенттегі «Жұбаныш-А» бөбекжай-балабақшасында тәрбиешілердің ұйымдастыруымен «Күз - елдің ырысы, құт-берекесі» ертеңгілігі өтті.
Шара барысында балалар мен тәрбиешілер жұптасып, күз мезгілін дәріптеп, ойындар ойнап, би билеп, ән шырқады. Күзді бейнелейтін сары ала жапырақтардың шара барысын­да үйлесімді қолданылуы, сахнаның безендірілуі көрермен көңілінен шықты. Тәрбиелік мәні бар шара балаларға қызықты әрі көңілді болды. Көрермендер бал тілді балдырғандардың өнеріне сүйсінді. «Ал­тын күз» мерекелік шарасына бала­қандар тыңғылықты дайындалыпты.
Аталмыш мерекелік шараның ұрпақты еңбекке, отансүйгіштікке баулу, табиғатты тану, жер ананың қасиеті бойынша дарыту, басқа да игі қасиеттерге тәрбиелеуде орны айрықша.
«Ал­тын күз» шарасында жас өскіндердің таным-түсінігіне оң әсерін тигізетін мағ­лұматтар берілді, балғындар өздері жаттаған тақпақтарын айтып, көріністер қой­ды. Соның ішінде, аталған бала­бақ­шаның «Бала­пан», «Балдырған», «Балдаурен», «Дарын», «Балауса» тобы тәрбиелену­шілері «Ал­тын күз» мерекесіне ерекше дай­ын­далғандарын көрсетті.
Шарада бүл­діршіндер күз мезгіліне арналған сән үлгісін көрсетіп, қол­өнер бұйымдары және ас мәзірімен таныстырды. Күз ханшайымы ба­лаларға «Кім шапшаң?», «Жемістер теру» ойындарын ойнат­ты. Сергіту сәтінде қазақ және орыс тілдерінде жеміс-жидектер, көкөністер туралы жұмбақтарды жаңылмай шешіп, қойылған тапсырмаларға жауап берді.
Байқағанымыздай, мұндай ша­ра­­лар ба­лаларды жақсылыққа үн­деу, игі істерге баулу маңызы зор атаулы мерекелердің мән-маңы­зын түсінуіне бағыт бермек. Бұл сөзімізді «Жұбаныш-А» балалақшасының мең­герушісі Әсел Ерланқызы да қуаттай түсті.
– Алтынға балайтын күз мезгілінің өзіндік сыйы мол. Күз маусы­мы келген сайын балаларға оның мән-маңызын, ырзық-не­сібесін түсін­діру мақсатында түрлі шаралар ұйым­­дастырамыз. Мұндай шаралар кезінде балалар өздеріне ұнайтын жеміс-жидектер, дәнді дақылдар, көкөністер бейнеленген немесе соларға ұқсас­тырыла тігілген киім киіп, тақпақ айтып, қойылымдар көрсетеді. Бұл кезегінде жас өскіннің өз туған жердің қасиетін ұғынуға, табиғатты сүюге баулиды, – дейді ол.
Шара соңында балабақша мең­герушісі күзгі көрмеге атсалысқан балаларды мара­паттап, ата-аналарға шексіз алғысын білдірді.

Әсел РЗАЕВА

15 қараша 2023 ж. 227 0