№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (8808) 7

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ерлік - Елге аманат

Ерлік - Елге аманат

Жеңістің туын желбіреткен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне елдің құрметі ерекше. Батыр бабалардың ерлік жолы бүгінгі күн ұрпақтарына үлгіөнеге. Атаулы мерекенің шырайын балалар мекеніне дарытуды құп көрген тәрбиешілер қауымы кент орталығындағы «Жұбаныш- А» бөбекжай бақшасында Жеңістің 78 жылдық салтанатты шарасына арналған ұжымдық мерекелік іс шараны ұйымдастырды.

Шараны ашқан бақша меңгерушісі Әсел Ерланқызы жиналған қауымды мерекемен құттықтап, ерлердің даңқы жөнінде айтты.

Балабақшаның «Балауса» тобының бүлдіршіндері патриоттық бағытта ән шырқап, өз өнерлерін көрсетті. Кішкентай топ бүлдіршіндер «Ерлік пен тағзым» жайлы өлеңдерін жатқа айтты. Сондай-ақ, ересектер тобы «Майданға аттандырған ананың сағынышы» атты көрінісін сахналады. Көріністе зұлмат жылдардағы халықтың тұрмысы ұлын сағынған аналардың мұң зары бейнеленді. Тәрбиеші Әйгерім Пернебайқызы «Ана туралы баллада» әнін орындады. Одан әрі Алмас Гүлназым «Сарбаздар әнін айтты. Төлеш Мағжан «Ел қорғауға әзірміз» патриоттық әнін орындады.

Шара соңында Бауыржан Момышұлы, Қасым Қайсенов, Талғат Бигелдинов, Әлия мен Мәншүк сынды батырларымыз туралы видеоролик ұсынылды.
Кеш соңында балабақша меңгерушісі Әсел Ерланқызы бүдіршіндерге ғана емес, ата-аналарға үлкен әсер сыйлаған тағылымды кешті ұйымдастырған Әйгерім Пернебайқызы, Гүлжазира Ыдырыс сынды тәрбиешілер қауымына алғысын айтты.

Балаларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеуде мұндай шаралардың тағылымы зор.



Әйгерім Тұрлыбекова «Жұбаныш- А»
балабақша тәрбиешісі
12 мамыр 2023 ж. 366 0

Ұқсас жаңалықтар: