Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өз өмірім өзіме құнды

Өз өмірім өзіме құнды



Өмір бізге берілген үлкен сый. Сол өмірді жақсылықта өткізу өзіміздің қолымызда. Әлемдегі адамдардың іс-әрекетіне көз салсақ, сан соқпақ жолда адасып жүрген жандарды байқаймыз. Өмірінде орын алған өтпелі сынақтарда сағы сынып, ішіндегі алай-дүлейді ішімдік немесе темекі,есірткі секілді зиянды заттарды тұтыну арқылы басам деген қате оймен, бір сәттік рахаттың дәмін көріп байланып қалған жандар қаншама.
Қазіргі таңда нашақорлық елімізде үлкен деңгейдегі мәселе болып табылады. Әсіресе, тұтынушылардың басым деңгейі жастарды құрайды. Олардың аңқаулығын пайдаланып есірткінің құрығына түсіріп, тәуелді етіп қояды. Сонымен қатар бір пайдаланып дәмін татқан жанның бірнеше рет тұтынып , тәуелділігінің кесірінен айналасындағы барлық құбылыстарды қара тұмандай елестетіп, бар ғажайып есірткіде деп түсінетіндей. Ал сондай жандардың биіктіктен төменге құлдырай жөнелген заттай құрдымға кетіп бара жатқанын айналасындағы адамдар байқайды. Көмек қолын созғысы келген жандардың сөзіне құлақ асатындары 1-2 % ғана.
Күнделікті өмірде өз-өзімді тәрбиелеп, алдыма мақсат қоямын. Мен есірткісіз өмірді таңдадым. Сол мақсатқа жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып, «өз өмірім өзіме құнды» деген қағиданы басты назарда ұстаймын.
Ғажайып өмір! Сұлулық пен үйлесімділікті талап ететін тәтті өмір! Адам мен адамгершілікті қалайтын тамаша өмір! «Өмір» шынымен де тәтті, ғажап, тамаша. Алайда осы сұлулықты, ғажап өмірдің қадірін түсінбейтіндер көп. Қайталанып келмейтін өмірді адамгершілікпен өткізсек деймін.

Перизат Құлабекқызы
№213 орта мектебінің оқушысы
08 қаңтар 2024 ж. 208 0