№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолын болсын, жас өрен

Жолын болсын, жас өрен

Сен үйреттің сөйлеуді, Сенде ойым есейді. Мектепке барам мен енді, Балабақшам қош енді – деп сайраған бүлдіршіндер алты жасқа толып, өзі тәрбиеленген балабақшамен қоштасып, мектеп өміріне жол тартпақ.


Құттықожа ауылындағы «Еркежан» балабақшасы 2014 жылы «Балапан» бағдарламасымен ашылған еді. Міне, бүгін сол тәлім ұясының тынысы кеңейіп, жаңа қонысқа көшіп, заманауи білім бағдарымен ауыл балаларының зейінін ашып, өнер мен білімге ынталандырып келеді. Осы жыл аралығында талай балаларды бәйге аламанына қосып, тәрбиеші қауымның ізденісін байқатып келеді. Періште көңіл балалардың жүзін жарқыратып, талабын шыңдаған балабақшаның құрылтайшысы, жас кәсіпкер Абзал Бейсенбаев пен жұбайы Гүлнұр Шүкірқызына елдің қошеметі бөлек.

Көкжиегі кеңейген балабақшада халықаралық балалар күнінде ерекше шара өтілді. «Қош бол, балабақшамыз» атты іс шарада балабақша меңгерушілері тарапынан мектепке аттанғалы тұрған түлектерге сәттілік тілеп, алғыс хаттар табыстады. Ертеңгілік өте қызықты және көңілді, тартымды өтті. Балалардың жүздерінен шат көңіл де, сонымен қатар мұңаю да байқалды. Сап түзеп шыққан 20 баланың әрқайсысы дарынды бала екенін өз өнерімен дәлелдеп тұрғандай. Мектепалды даярлық тобының тәрбиешілері Айсұлу Садықова мен Гүлмира Мұратова әр баланың дарынын аша білді.

Мерекеге балалардың көңіл -күйін көтеруде ертегі кейіпкерлері қатысты, балалар ән айтып, би биледі. Осындай көңіл- күй ата-аналардың да жүздерінен байқалған сияқты. Жас түлектер үйренген өнерлерін ортаға салып, ән айтып, балабақшада үйренген тақпақтарын айтып, әр түрлі билер орындап, бүкіл ата-аналардың, балабақша қызметкерлерінің де көңілінен шықты.

Мереке соңында балалардың ата-аналары ізгі тілектерін білдіріп, ақ батасын беріп, балабақша тәрбиенушілері жайдарлы көңіл күймен, қуанышпен, қимастықпен, болашаққа деген үлкен арманмен, балабақшамен қоштасты. Тәрбиеленушілерімізге болашақта тек қана ақ жол тілейміз.

Мақпал МАРҚАБАЙ
03 тамыз 2023 ж. 241 0