№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мәуліт қалай мерекеленді?

Мәуліт қалай мерекеленді?


Жексенбі күні Манап Көкенов атындағы Мәдениет үйінде Мәуліт мерекесіне орайластырылған “Пайғамбарлар падишасы-әз-Мұхаммед” атты рухани шара өтті.


Исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын жете түсініп, адамзат ұрпағы адал жолдан адаспауы үшін ақиқи шарттарды білу қажет-ақ. Міне, осы бағытта имани құндылықтар жиынтығы адам өмірімен біте қайнасып келе жатуы заңдылық. Жыл сайын Мәуліт – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у) туған айы шарасын өткізуді де осы қатарға қосуға болады.
Бүгінгі шарада Хисамеддин мешітінің найб имамы Ақмұрат Әлімбайұлы шәкірттерімен Мәуліт оқыды. Келесі кезекте көрермендер
«Бәрі де осылай басталған» бейнеролигін тамашалады. Келесі кезекте Көкен Өскенбай «Пайғамбарға арнау» шығармасымен көпшілік ықыласына бөленді. Осыдан бұрын «Пайғамбарға арнау» тақырыбында аудандық деңгейде байқау жарияланған еді. Осы байқаудың үздіктері марапатталды.
Одан әрі Нұрболат Абдраманов сахнаға көтеріліп, «Сира дастаны» деген тақырыпта өлең оқыды.
Нұр-Мүбарак университетінің түлегі, Алматы облысы, Әл-Азим мешітінің найб имамы Жомарт Кершеев сахнаға көтеріліп, насихат айтты.
Келесі кезекте аудандық мәдениет саласының өнерпаздары Балмұхаммед Әбжаппаров пен Тохтар Әжімұратов “Садақаның қуаты” тақырыбында көрініс сахналады.
Ықылас мешітінің бас имамы Е.Абдуллаев залдағы жасөспірімдерге сұрақтар қойып, ынталы жауап бергендерді сыйлықтар табыс етті.

– Бүгінгі мереке – мұсылмандардың ортақ мерекесі, – деді көп алдында сөз алған ел ағасы Садулла Омаров. Мәулітті өткізудегі мақсатымыз – ұрпақтар жақсы амалдарға қауышса екен, ұлағатты болып өссе екен, бастысы, Пайғамбарымыздың жолын ұлықтап, өнегесін үлгі етсе екен деген тілектен. Отанды сүю – иманнан дейді. Үлкендерге құрмет, кішіге ізет таныта алатын кішіпейілділік қасиетті ұлық тұту ұрпаққа бір аманат. Ал оның негізі – иманда жатыр. Иман адамды кемел адам дәрежесіне көтереді. Сондықтан имандылықты бойына сіңірген ұрпақ жақсы мен жаманды ажыратып, кісіге қиянат қылмайтын адал да асқақ абыройлы болып өседі. Осы іс шараны өткізіп жатқан жастарға рахмет, – деп Жаңарған Жаңақорған жастарына алғысын айтты.

– Туған жерімізге ізгі амал етейікші деп игілікті іс бастаған жастардың үнемі жолы оңынан ашылып келеді. Жақсы ниеттерімен елге танылып жатыр, әлеуметтік жағдайы нашар отбасыларға көмек көрсетіп, бірнеше баспана салып берді. Бәрі де олардың о баста ата-анасынан жақсы тәрбие алып, Пайғамбардың мінезі мен ғибратына жүгініп, дінді ұлықтауынан басталды. Дін ислам тазалыққа үйіріледі. Ары да, жаны да таза, ниеті асыл осындай жастарымыз көбейе берсін, – деп батасын берді.
Тақырыпқа сай бейнеролик дайындаудан үздік шыққан Әбибуллаева Айгүл 3 орын, Жұлдызай Әбдразаққызы 2 орынды, Айсұлу Әбдрақымқызы 1 орынды иеленіп, сый-сияпатпен марапатталды. Қалған он сегіз қатысушыға да сыйлықтар берілді.

Баян ҮСЕЙІНОВА
07 қараша 2023 ж. 310 0