Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Халық қалаулысы тұрғындармен кездесті

Халық қалаулысы тұрғындармен кездесті



Бүгінгі халық қалаулысы, облыстық мәслихат депутаты Амитов Нуридин Егенбердіұлының келесі сапары аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Арман Әбілпейісұлымен бірге Жаңарық ауылында жалғасты.
Жаңарық елді мекеніндегі сайлаушылармен кездесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа Жолдауының ерекшелігі халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталғанын, жолдауда айтылған міндеттерді орындау және оны іске асыру бағыттары сөз болды.
Сонымен қатар халық қалаулысы алдымен атқарған жұмыстары, көтерген мәселелері, жолдаған сауалдары туралы хабардар етіп, сайлауалды бағдарлама аясында жүзеге асырылып жатқан және алда атқарылар жұмыстарды баяндады. Бұдан соң тұрғындар тарапынан түскен сұрақтарға жауап беріп, сайлаушылардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
09 желтоқсан 2023 ж. 521 0