Депутаттар сайлаушылармен кездесті
Халық қалаулысы атанып, ел мен билік арасында алтын көпір атану – үлкен жауапкершілік жүктейтіні ақиқат. Жүктелген жауапкершілікті сезініп, сайлаушылардың мұң-мұқтажын, түйінді мәселелерін шешуде депутаттарымыздың еңбегі жетерлік. Сайлаушылардың аманаттарын орындауға атсалысып, олармен үнемі кездесу жасап, көкейтесті мәселелерді бірлесе шешу әрине халық қалаулыларына деген құрметті арттырары сөзсіз.
«AMANAT» партиясынан сайланған халық қалаулылары депутаттық мандатын алғалы бері сайлауалды бағдарламаның орындалуына атсалысумен қатар ауданда әлеуметтік маңызды нысандардың жаңартылуына, жол жөндеу жұмыстарына, тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау жұмыстарына қомақты үлес қосып келеді.
Осы ретте бүгін облыстық мәслихат депутаты Амитов Нуридин Егенбердіұлы, аудандық мәслихат депутаты Үсенов Изатулла Ергешұлымен бірге аудандық партия филиалының төрағасы Мажитов Арман Әбілпейсұлы Қожакент ауылдық округінде сайлаушылармен кездесіп, партияның 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» сайлауалды бағдарламасы аясында орындалып жатқан және алдағы жылға жоспарланған шараларды баяндады. Сонымен қатар, партияның «Жер аманаты», «Ауыл аманаты» жобалары аясында жүргізілген нәтижелі жұмыстарды айтып өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс, ой-пікірлерге тұшымды жауап беріліп, халық қалаулылары тұрғындар тарапынан түскен әрбір өтініш –тілек жауапсыз қалмайтындығын айтып, халық игілігі жолында аянбай қызмет ететіндіктерін жеткізді