Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 534

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Үндеуге үн қосу ілгерілеуге үлес қосу

Үндеуге үн қосу ілгерілеуге үлес қосу

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа Жолдауын кеңінен талқылау мақсатында келген облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ойшыұлының бүгінге белгіленген соңғы бағыты Сунақата ауылы болды.

Аталмыш округте ақ халатты абзал жандармен жолығып, жолдауды талқылап, жан-жақты түсінліріп, соңында тұрғындардың ұсыныс-тілектерін тыңдады.
Ең әуелі облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ысқақ ауыл аймақтың амандығын сұрап, одан әрі мемлекет басшының Халқына жолдауына тоқталды. Кеңінен тарқатып, еркін көсілген ағамыз үндеуде айтылған әрбір бағытты жеке-жеке түсіндірді. Соның ішінде су тапшылығы мен электр қуатына, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы саласына, жаңадан құрылған екі министрліктің атқаратын қызметіне дейін егдей-тегжей түсіндірген халық қалаулысы өндіріс орнында жұмыс істейтін мамандар мен әйелдер қауымының зейнет жасын да сөз етті.
Соңында партияның «Ауыл аманаты» мен «Жер аманаты» бағдарламасы аясында атқарылған істі баяндап, ең төменгі жалақы 85 мың теңгенің төңірегінде өз пікірін білдірді.
20 қыркүйек 2023 ж. 634 0