№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жолдау бағытын түсіндіру маңызды

Жолдау бағытын түсіндіру маңызды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа Жолдауын кеңінен талқылау мақсатында бүгін облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ойшыұлы Жаңақорғанға атбасын бұрып, аудандық «AMANAT» партиясының төрағасы Арман Әбілпейісұлы және аудандық Мәслихат депутаты Лаура Абилханқызымен бірге Жайылма ауылындағы ағайынмен кездесті.

Ауылдағы ақ сақалды қария, ақ жаулықты әже, аға-апаларымызбен және жастар қатарымен кездескен жиын барысында бүгінгі таңға дейінгі ауылдың жеткен жетістіктері айтылып, кемшіл тұстары да назардан тыс қалмады. Сонымен қатар жолдауда айтылған міндеттерді орындау және оны іске асыру бағыттары сөз болды.

Сондай-ақ кәсіпкерлік саласы мен ауылшаруашылығы бағытын дамытуда нендей қадамдар жасалғанына тоқталып өткен Жанкелді Ойшыұлы тіршілік көзі саналатын су мен өндіріс орнында қызмет ететін жұмысшылардың қауіпсіздігіне байланысты қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы қабылданатынын айтты.

Кездесу соңында тұрғындар облыстық мәслихат депутатына тікелей сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін де жеткізді.

Соның ішінде ауыл бүлдіршіндері баратын балабақшаның апатты жағдайда екені, орнына типтік негізде заманауи балабақша болса ұсыныс пен жасөспірімлер спортпен шұғылданатын спорт комплексі болса деген арманымен бөлісті. Бұған облыстан келген халық қалаулысы жоғарыда отырған жауапты орынға арнайы ұсыныс хат немесе депутаттық сауал жолданса жұмыс істейтінін түсіндірді.

#AMANAT
21 қыркүйек 2023 ж. 157 0