Ақүйік ауылының тұрғындары жолдауға айтылған реформаларды қолдайды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауын насихаттау мақсатында облыстық мәслихат депутаты Жанкелді Ойшыұлы және аудандық мәслихат депутаты Бибасарова Лаура Абилханқызы Ақүйік ауылдық округі тұрғындарымен кездесті.
Әрбір Жолдау маңызды және стратегиялық құжат болып табылады, сондықтан «AMANAT» оларды жүзеге асыруда әрқашан біріктіруші және қозғаушы күш ретінде әрекет етеді.
Кездесу барысында Жолдаудың ерекшелігі халқымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, шетелдік инвесторлардың жауапкершіліктерін арттыруға, адам өмірінің қауіпсіздігін қорғауға, қоғамдағы түйткілді мәселелерді дер кезінде шешуге, халықтың мүддесін жақсартуға бағытталғанын, жолдауда айтылған міндеттерді орындау және оны іске асыру бағыттары сөз болды.
Соңында тұрғындардың ұсыныс-тілектері тыңдалып, партияның іске қосылған «Ауыл аманаты» мен «Жер аманаты» жобалары бойынша бүгінге таңға дейінгі атқарылған жұмыстарға да тоқталып өтті.
«Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы әрбір тұрғынға, әрбір қазақ жұртына жүктелетін зор жауапкершілік. Басты мақсат – алдағы кезеңдерде алға қойған мақсатымыздан таймай, Әділетті Қазақстан жолында аянбай тер төгуіміз қажет» - деп қорытындылады облыстық мәслихат депутаты Ж.Ысқақ.
#AMANAT