МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ ЖАҢАҚОРҒАН КЕНТІНДЕГІ ЖҮК АВТОКӨЛІК ЖҮРГІЗУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Президент Қ.К.Тоқаевтың жалпыұлттық референдум өткізу бастамасын қолдау жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша ҚР Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі, республикалық штаб мүшесі Шиповских Геннадий Геннадиевич халықпен кездесудегі жұмыс Жаңақорған кентіндегі жүк автокөлік жүргізушілері кездесті. Кездесуде Қызылорда облыстық маслихат депутаты, облыстық штаб мүшесі Ысқақ Жанкелді Ойшыұлы, "AMANAT" партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы, аудандық штаб төрағасы Мажитов Арман Әбілпейсұлы, аудандық маслихат депутаты Үсенов Темірбек қатысты.

Сондай-ақ, қатысушыларға референдум еліміз үшін өте үлкен маңызды қадам екенін ескеріп, алдағы уақытта белсене қатысу қажеттілігі ерекше атап өтілді.
#ReferendumAMANAT