Соңғы жаңалықтар

"Талантты Жұлдыздар"

24 сәуір 2024 ж. 52

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Аудандық партия филиалының төрағасы сайланды

Аудандық партия филиалының төрағасы сайланды

Бүгін Манап Көкенов атындағы аудандық мәдениет үйінде «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының кезектен тыс XXXI конференциясы өтті.

Конференцияға арнайы партияның облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат төрағасы Байқадамов Наурызбай Сейітқалиұлы, Жаңақорған аудандық маслихат төрағасы, сондай-ақ партия филиалының Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросы мүшелері, партия ардагерлері мен белсенділері, аудандық мәслихат депутаттары, БПҰ және «Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері қатысты.
Конференция жұмысын ашқан аудандық Жаңақорған аудандық маслихат төрағасы күн тәртібіндегі бірінші мәселе «AMANAT» партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасын сайлау бойынша "AMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Мажитов Арман Әбілпеисұлының кандидатурасын ұсынды.
Делагаттар тарапынан ұсыныс ашық дауыс беру арқылы қолдау тауып, партия филиалының төрағасы болып Мажитов Арман Әбілпеисұлы сайланды.
Өз кезегінде сөз алған филиал төрағасы Арман Әбілпеисұлы өзіне жүктелген сенімге зор ризашылығын білдіріп, партияластарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.
Сонымен бірге жиын барысында партия филиалының ардагерлері Мұсабаев Серік Абыдынұлы мен Ыдырысов Серқожа партияластар атынан құттықтау сөз сөйлеп, филиал төрағасының алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Жиын қорытындысы бойынша сөз алған облыстық партия филиалының төрағасы Наурызбай Сейітқалиұлы халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған партия жұмысын күшейту мәселелеріне тоқталып, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы жаңа бастамаларға сәттілік тіледі
Айта кетейік, конференция жұмысында қаралған екінші мәселе бойынша партия филиалы 2022 жылдың қаңтар айында өтетін Жаңақорған ауданы Жаңарық ауылдық округі әкімінің сайлауына партия атынан ұсынылған кандидатты бекіту туралы "AMANAT" париясы Жаңақорған аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Арман Әбілпейсұлы үміткерлерді таныстырып өтті.



12 қаңтар 2023 ж. 178 0