№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

№87 (8798) 2

02 қараша 2024 ж.

№86 (8797) 29

29 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Газ неге тапшы?


Қазір аудандағы газ құю бекеттеріндегі ұзын-сонар кезек жаға ұстатарлық. Әрине, көліктерде бензинмен жүретін құрылғы бар, дегенмен қазір бензин мен газдың бағасында 3 еседен көп айырмашылық бар. Осыны ескерген темір тұлпарды тізгіндеушілер сұйытылған отынды орнатып алып, қалтаға сәл болса да салмақ түсіруін азайтып келеді. Бұл да күнкөрістің қамы. Газ неге тапшы екенін ауданнан емес, облыстық ақпарат көздерінен іздей бастадық.


Кешегі тоқырау тұста, яғни, кеңестік кезеңде дүкендегі нанды да кезекпен осылай алатын едік деген аға буынның өкпесі қара қазандай. Түсінуге болады, бензиннің бағасы шарықтап кетті. Енді газ тапшы, уақытпен және белгіленген литр бойынша көліктер аз да болса алуға мәжбүр. Тиісті орындар өкілдері мұның бәрі «ҚазГермұ­най» компаниясының газ қондырғысындағы ақауға байланысты екенін айтады. Негізі облыстың бір айдағы лимиті – 7,5 мың тонна. Газ өңдеу зауыттарының мүмкіндігіне қарай оған қосымша тағы қосылып, әр айда облыс 8 мың тоннаға жуық сұйық газ тұтынады.
Аймақ әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов облысқа орта есеппен 5,5-6 мың тоннаға дейін газ беріп келген «ҚазГермұ­най» компаниясынан осы қазан айында 4 800 тонна ғана келгенін айтады.
– Газ жеткізу жоспары 529 тоннаға қысқарғандықтан біз министрлікке шығып, «СНПС Ақтөбемұнайгаз» компаниясынан қосымша 504 тонна бөлінуіне қол жеткіздік. Қазір осының 288 тоннасы тиелген 8 вагон бізге қарай жолға шықты, – дейді облыс әкімінің бірінші орынбасары.

Мамандардың айтуынша, «ҚазГермұнай» компаниясындағы айына 6 мың тоннаға дейін сұйық газ өндіретін УПГ-1 қондырғысындағы ақау келер жылдың бірінші тоқсанында қалыпқа келтіріледі екен. Тапшылық пен кезек күту сынды келеңсіздіктер жолға қойылады деп үміттенеміз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
31 қазан 2023 ж. 318 0