Құрылтай

№57 (8971) 1

01 тамыз 2026 ж.

№56 (8970) 28

28 шілде 2026 ж.

№55 (8969) 25

25 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Елімізде бензин тағы қымбаттауы мүмкін

Елімізде бензин тағы қымбаттауы мүмкін


Мұнай-газ саласының сарапшысы Олжас Байділдинов осындай болжам жасады.


Шілде айында республика бойынша АИ-92 маркалы бір литр бензин орта есеппен 173 теңгеден сатылған. Маусыммен салыстырғанда 0,9%-ға жоғары. Өсім алдағы уақытта да жалғасуы мүмкін.
Оның айтуынша, қазір Павлодардағы мұнай өңдеу зауытында АИ-92-нің көтерме бағасы 6-7 теңгеге қымбаттады.
«Бір екі апта ішінде бұл жанармай құю бекеттеріндегі бағаға әсер етеді. Сондай-ақ көрші Ресейде де жанармай жыл басынан бері 6%-ға қымбаттады. Мұнда АИ-92 маркасы төл ақшамызға шаққанда 270-290 теңге аралығында. Біздің елмен салыстырғанда жүз теңгедей айырмашылық бар. Бұл шекаралас аймақта жанармайдың Қазақстаннан Ресейге заңсыз тасымалданып, елде бензин тапшылығын тудыруы мүмкін», дейді.
16 тамыз 2021 ж. 580 0