№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Білім ордасының кірпіші қаланды

Білім ордасының кірпіші қаланды


Ауданның 95 жылдық мерейтойына тағы бір тарту ретінде жаңа мектептің кірпіші қаланды. Аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы бастаған қонақтар қалап, тұрғындар қуанышымен бөлісті.

Қазір дамыған озық, отыз ел­дердің басты бағдары білім сала­сы. Баланың бүгіні мен болаша­ғына құйылған ивестиция ел да­му­ына, өркендеуі мен өрлеуіне үлкен септігін тигізеді. Сондықтан мемлекеттердің көшіне ілесуде қа­натқақты жобаның бірегейі болған «Bilimdi últ» бастамасы деуге болады. Осы жобаның іргетасы ретінде елдің барлық өңірінде 401 «Жай­лы мектеп» құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде Сыр елінің де үлесі бар, Жаңақорғанда қос бірдей білім ошағы осы қатарда. Бұл жөнінде аймақ басшысы құттықтау сөзінде жеткізді.
– Қазір аймақта басымдық бе­рілген саланың бірі – білім. Оған бағытталған қаржы көлемі 245 млрд теңгеге жетті. Көптеген ауқым­ды жобалар сәтті жүзеге асыры­луда. Алдағы үш жылда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірімізде құны 100 млрд теңге болатын 12 300 орын­дық 21 мектеп салынады. Бүгінде 10 мектептің құрылысы басталды. Ал, қалған 11-інің құрылысы жыл соңында және алдағы жылдың басында басталады. Соның бірінің іргетасын бүгін өздеріңізбен бірге қалаймыз. Білім ордасы озық ой­лы, өнерге құштар, спортқа бейім дарынды балалардың шамшырағын жағатын мекен болғай, – деді аймақ басшысы.
600 орынға арналған мектеп құрылысына атсалысып жүрген бірнеше мамандарды марапат мін­беріне шығарды. Алдымен осын­дай игі істердің ұйымдас­тырушысы «Аман – Құрылыс» жауапкершілігі шектеу­лі серіктестігінің басшысы Машта­ев Әмірхан Ибрагимұлы облы­с­тың ең жоғары наградасы «Құр­мет грамотасымен» марапатталды. Сондай-ақ облыс әкімінің «Алғыс хатымен» мекеменің учаске бастығы Абай Бегділдаұлы, учаске прорабы Нуридин Серікбайұлы және ең­бек қауіпсіздігі жөніндегі инженері Бибігүл Қаратайқызы марапатталды.
Өңір басшысының құттықтауынан кейін білім саласының ардагері Серік Абыдынұлы ақ батасын беріп, ізгі тілегін жеткізді. Алғашқы кірпі­шін қаламастан бұрын Нұрлы­бек Машбекұлы мердігер мекеме басшысына мектеп құрылыстарына бей-жай қарамауды тапсырды.
«Бұл мектептің құрылысына 4 млрд теңгеден аса қаражат құйып отырмыз. Бұл өте үлкен жоба, екіншіден, бұл білім ордасы соңғы үлгідегі, әрі заманауи мектеп болатынын білесіздер. Сондықтан құрылыстың сапасына өте мұқия болыңыздар, сіздердің мол тәжірибелеріңізге сеніммен қараймыз. Бізді ұятқа қалдырмайды деп сенеміз» деп нақты міндетті жеткізді.
Айта кетейік, бүгінде «Білімді қолдау қоры» есебінен Қызылорда қаласында құны 7,9 млрд теңге болатын физика-математика бағы­тындағы мектеп-интернат құрылы­сы қарқынды жүргізілуде. Облыс орталығында осы кезге дейін бір ғана оқушылар үйі болса, би­ыл «ҚазГерМұнай» компаниясы­ның демеушілігімен 2,5 млрд. тең­геге 350 орындық заманауи үлгідегі "Оқушылар сарайының" құрылысы басталды. «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен Сырдария өзенінің сол жағалауы­нан 4,8 млрд. теңгеге музыка­лық колледждің жаңа ғимараты салынады. Ауыл балалары үшін 900 орындық 4 мектеп осы жылы ел игілігіне табысталмақ.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ


24 қазан 2023 ж. 273 0