Соңғы жаңалықтар

№25 (8939) 7

07 сәуір 2026 ж.

№24 (8938) 4

04 сәуір 2026 ж.

№23 (8937) 31

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » Басты байлық амандық-саулық!

Басты байлық амандық-саулық!

Жүрегімізге аса ыстық өркенді өңірімнің бүгінгі мерейлі мерекесінде барша жерлестеріммен ізгі тілегімді бөліскім келеді.
Мемлекеттің ең үлкен байлығы – адам және оның денсаулығы. Құдірет қабілет дарытса Айды да бағындырар жұмыр басты пенденің жан сау­лы­ғы жұдырықтай жүрекке байлан­ған. Тәні саудың-жаны сау дейтініміз содан. Тұлғаның өзіне ғана емес, өзі өмір сүрген қоғамға табыс әкелер толыққанды сау-сәлемет қалыптасуы алдымен денсаулыққа деген жанашыр көзқарасынан басталады.
Дәрігер – адам өмірінің арашашысы.Адамзаттың саулығы жолында сан түрлі ізденістерге жол ашқан ел медицинасы үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Шетел аспай өз елімізде сан түрлі күрделі оталарды өзіміз жасай­тын халге жеттік. Осы­ның барлығы мемлекеттің медицина саласына ай­рықша қамқорлығының нәтижесі.
Өзім-туып өскен Қосүйеңкінің то­пы­рағынан сүйегіме сіңген төзімділік, табандылық, сертке беріктік қаси­еттер сан сында сүріндірмей мақсат биігіне ұмтылудан жалықпай келе­мін. Атамекеннің жайдары мінезді адамдарының тұла бойынан мен осы бір болмыс-бояуды бүгін де іздеп тұра­мын. Қашан болсын қолұшымды созып, бір қажетіне жарау арқылы перзенттік парызым өтелгендей өзім жан раха­тын табатынымды жасырғым кел­мей­ді. Туған жер халқының әрбір қуанышына ортақпын.
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Қайрат НИЕТӘЛІҰЛЫ,
дәрігер-кардиохирург, медицина ғылымдарының кандидаты

25 қазан 2023 ж. 393 0