№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Дені саудың – жаны сау

Дені саудың – жаны сау



Дені сау адам – мемлекеттің басты байлығы, қоғамның қозғаушы күші. Ал, халық денсаулығын қадағалап, тұрғындарға дер кезінде көмек беретін медицина саласы қашанда маңызды. Адам ағзасы өте күрделі жаратылыс болғандықтан кей жағдайларда ішкі ағзаның аурулары науқасқа білінбей асқынуы әбден мүмкін. Біз осы ретте бүгінгі қоғамда дендеп тұрған бауыр холестемиясы жайында тоқталуды жөн көрдік.
Пенденің он екі мүшесінің қайсысы сынға түссе де оңайға болмасы анық. Десе де, кей ағзалардың дертке шалдығуы өлімге итермелеуі мүмкін. Соның бірі – бауыр. Оң жақ қабырғаның астында орналасқан мүше қан тазартқыш қызметін атқарады. Ол ағзаның химиялық зертханасы іспеттес. Бауырда орналасқан 300 миллиардқа жуық жасушалар қаннан ағзаға керекті қышқылдар мен қоректік өнімдерді сүзгіден өткізіп, қажетті органдарға жеткізеді. Ол адам ағзасында қорғаныш қызметін атқарады. Мәселен, тамақтың құрамындағы улы заттар ішекте сіңіріліп, ақуыздың алмасуы нәтижесінде залалсызданады. Сонмен қатар, қан ұюын реттеуде де бауырдың атқаратын қызметі зор.

"Бүгінде адамдар арасында бауыр бұзылыстары көптеп кездеседі. Оның басты себебі дұрыс тамақтанбау. Зиянды тамақ жегеннен ағза көп уланады. Ал ол уды залалсыздандыру үшін бауырға жүк түседі. Мәселен, бауыр холестемиясы, бауыр циррозы сынды індеттер салауатты өмір салтын ұстанбай, зиянды тағамдарды көп қолданғаннан өршіп тұр. Өйткені, лимфа түзілуі мен қан ұюуын реттеуде бауырдың атқаратын қызметі зор. Ол қанның құрамының тұрақталуын реттейді. Қанмен келген амин қышқылдарынан бауырда ақуыздар, глюкоза, фруктоза, глицерин, май қышқылы түзіліп, қандағы көмірсулар бауырда гликогенге айналады. Бауырдағы зат алмасу әр түрлі ферменттердің қатысуымен жүрсе, оны жүйке жүйесі реттеп отырады. Сондықтан әр адам өз денсаулығына немқұрайлы қарамай ішкен асына мұқият болғаны абзал" - дейді аудандық аурухананың хирургия бөлімінің дәрігері Бауыржан Әбусаметов.

Демек, адам ағзасының тазартқыш зертханасы атанған бұл мүшенің әркім үшін маңызы зор. Бауыр ас қорыту кезінде организмді энергиямен қамтамасыз етіп, қажетсіз қалдықтарды ағзадан шығарып тастайды. Ағзадағы қан жасау немесе жаңарту кезінде қан плазмасындағы ақуыздарды, холестерин мен оның эфирін, липидтер мен фосфолипидтерді синтездеп, ағзадағы липид алмасуын реттейді. Он екі елі ішек пен аш ішектің кейбір бөлігіндегі ас қорыту процесіне қатысатын гормондар мен ферменттерді, өт қышқылы мен пигменттерді синтездейді. Сонымен қатар, кейбір дәрумендердің қорын толтырып отырады. Мысалы, майда еритін А және Д дәрумендерін, суда еритін В12 дәрумендерін сақтап, қорын арттырады. Сондай-ақ, катиондардың қоры да бауырда болады. Демек бауырдың ауруға шалдығуы бүкіл ағзаның жағдайына кері әсерін тигізеді.

Иә, дәрігермен әңгіме барысында бауыр мен онда түзілетін холестерин липид майының адам ағзасы үшін маңыздылығын ұқтық. Дұрыс тамақтанбай, салауатты өмір салтын ұстанбасақ бауырдың қызметі нашарлап, соңы зардапты дертке шалдықтыратыны белгілі. Батпандап кіретін аурудың мысқылдап шығатыны бәрімізге аян. Сондықтан әр адам өз жанының жанашыры ретінде дұрыс өмір сүре білсе, өзіне де жақындарына да қуаныш сыйлары хақ. Дені саудың – жаны сау демекші салаутты өмір салтын ұстана білейік ағайын.

                                                                                                                                      Маржан Данабекова.
16 сәуір 2023 ж. 275 0