№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бақша бақыт мекені

Бақша бақыт мекені

Жаңақорған ауданының 95 жылдық мерейтойы қарсаңында Бесарық ауылдық округінде «Қосекен» жекеменшік балабақшасы жаңа ғимаратқа көшіп, ашылу салтанаты өтті. Ауылдағы ағайынның қуаныш тойына аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы қатысты.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдар аясында жұмысын бастаған жекеменшік балабақшалар ауданда аз емес. Соның нәтижесінде ата-ана үшін жылдап кезекке тұру мәселесі келмеске кетті. Оның үстіне, жекеменшік балабақшаларда баланы жан-жақты дамыту мәселесі де қарастырылған. Сондайақ, уақытты оңтайлы үйлестіруді талап ететін ақпарат заманында бала үш жасқа толғанға дейін күтпей, бір жастан бақшаға беру – ата-ана үшін таптырмас мүмкіндік. Балаларды мемлекеттік білім беру тапсырысы арқылы да, ақылы негізде де қабылдайтын, 100 орынға шақталған «Қосекен» жекеменшік балабақшасында бала үшін барлық жағдай қарастырылған. Таңертеңгі сегізден кешкі сегізге дейін балаларына алаңдамайтын ата-ананың да балабақша туралы пікірлері оң. Мәселен, «Қосекен» балабақшасы балаға жайлы болуымен қатар, сәбилердің уақытын тиімді өткізетініне кепілдік мол. Заман талабына сай қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйретумен қатар, баланың жан-жақты жетілуіне жағдай жасалған. Спортқа бейімді болса каратэ, күрес сияқты үйірмелер, суретке қабілеті болса – сурет үйірмесі, тіпті, би үйірмесі де бар. Балабақшадағы білікті мамандар баланың қабілетін ашып қана қоймай, жан-жақты дамуына тікелей ықпал етеді. Баланың болашақ өмірінде орнын тауып, тіпті болашақ мамандығын таңдауға да мұның әсері зор. Сондайақ, бұл жерде балаларға теледидар көруге, смартфон ұстауға мүлдем тыйым салынған. Уақыттың барлығы пайдалы іске баулу, ерте жастан әлеуметтенуге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Ал, қауіпсіздік мәселесіне келер болсақ, кез келген бөлмеде бақылау камералары орнатылған. «Балабақшада стандарттық талаптарға сай қауіпсіздік техникасының жоғары деңгейде сақталуы, қызметкерлердің жауапкершіліктері онлайн-бақылау сыз-ақ баланың балабақшада болған уақытының қауіпсіз жағдайда өтетініне сенім білдіруге толық мүмкіндік береді» дейді балабақша құрылтайшысы Гүлмира Сүлейменова.

Тамақтану мәселесіне де балабақша басшылығы талғампаздықпен ден қойған. Балаларға бес мезгіл тамақ беріледі. Балабақша құрылтайшысы осыдан бірнеше жыл бұрын аудан орталығынан ашып, «Еркетай» балабақшасын мектепке дейінгі тәрбие беруде білікті тәжірибе мол жинақтаған азамат.

Ауданның тоқсан бес жылдық мерей тойы қарсаңында ашылған балалар мекенінің жаңа ғимаратының ашылу салтанатына арнайы қатысқан аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы:

– Балалардың тәрбиесі мен сапалы білім алуы басты назарымызда. Бүгінде жүзден аса жаңа орындар ашылып, мыңнан аса тәрбиеші қауымға жұмыс көзі табылды. Балабақшалардың басты миссиясы – бала тәрбиесінде бірінші базалық білім мен патриоттық тәрбие беру. Заман талабына сай жабдықталған «Қосекен» балабақшасына келетін бүлдіршіндерімізден ертең ауылды, ауданды, облысымызды, тіпті тұтас елімізді әлемге танытатын тұлғалар шығар. Ал, олардың үлкен өмірге бірінші қадамын осы бақшада бастағаны үнемі жадында жүретін болады, – деді.

Кәсіпкер Гүлмира Сүлейменованың осы ауылдан кәсіп ашуының сыры бар. Бұл ауылда кіндік қаны тамды. Атамекен алдындағы перзенттік парызын орындауды құп көріп, сәбилер мекені ашуының басты себебі де осы. Ашылу салтанатында Әбдіжаппар Сүлейменұлы қос кәсіпкер мен аудан басшысына ақ батасын жаудырды. Айта өту керек, балабақша иелері осыған дейін Кентау, Түркістан және Жаңақорған кентінде жеке балабақша мен мектеп ашып, еліміздің ағарту саласында табанды еңбек етіп келе жатқан кәсіпкерлер. Біз шағын ауылдың балаларының игілігі үшін ашып жатқан балабақшасының гүлденер кезі әлі алда деп сенеміз.

Мақпал Марқабай

18 қараша 2023 ж. 235 0