Соңғы жаңалықтар

ЖАДЫМДА ТҰРАР ЖАҢҒЫРЫП...

22 қыркүйек 2025 ж. 177

Тұмаудың алдын-алу шаралары!

21 қыркүйек 2025 ж. 480

№71 (8885) 20

20 қыркүйек 2025 ж.

№70 (8884) 16

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (8883) 13

13 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП: БІЛІМНІҢ МАЗМҰНЫН БАЙЫТАДЫ

ЖЕКЕМЕНШІК МЕКТЕП: БІЛІМНІҢ МАЗМҰНЫН БАЙЫТАДЫ



Білім саласында бәсекелестік орта қалыптастыруда – жекеменшік мектептің орны зор. Сондықтан, жеке мектептердің санын көбейту мен дамытуға ерекше мән берілуде. Бүгінде Жаңақорған ауданында 4 жеке меншік мектеп жұмыс істейді.
Жаңақорған ауданындағы пресс-тур аясында БАҚ өкілдері кент орталығындағы Жұмаділла Өскенбайұлы атындағы дарынды балалар жеке мектебінің жұмысы мен танысты.
Дарынды балалар мектебі 2021 жылдан бастап ашылған 500 орындық аудандағы жаңа жеке мектептердің бірі. Бүгінде білім ордасында 51 жоғары санаттағы мұғалімдер 1-4 сынып бойынша 282 оқушыға білім беруде. Сонымен қатар мектепте оқушыларды тасымалдау үшін 2 автокөлік те қарастырылған.
Сондай-ақ, аталмыш білім ошағын да сабақтан тыс уақытта оқушылар үшін би, таэквондо, шахмат, ментальды арифметика, баскетбол секілді үйірмелер жұмыс жасайды. Бүгінде үйірме оқушылары көптеген түрлі байқауларда жеңімпаз атанып, үздіктер қатарынан көрінуде.
Бүгінде келесі жаңа оқужылына дайындық жұмыстарын жүргізудеміз. Қыркүйек айында 1 сыныпқа 100 оқушы қабылдау жоспарланып отыр. Келесі жылға мектепті кеңейтіп, жоғары сыныптар ашу жоспарымызда бар, - деді мектеп құрылтайшысы Елдос Жұмаділлаұлы.
Айта кетейік, бүгінде Жаңақорған ауданын да мұнан бөлектағы 3 жеке мектеп бар. Келесі жаңа оқу жылына орай ауданда тағы да 1-9 сынып аралығындағы 120 орындық жеке мектеп ашылады деп жоспарлануда.
#Облыстық Білім Басқармасы
#Жаңақорған Ауданы
#Пресс Тур
25 сәуір 2022 ж. 655 0