Ас әзірлеу барысында өрт қауіпсіздігі қағидасын қатаң сақтаңыздар!
Статистикалық мәліметке орай әрбір төртінші өрт ас үйден пайда болған. Сондықтан ас үй - үйде немесе пәтерде ең қауіпті бөлме болып табылады. Ал, ас үйде плита қауіпті болуы мүмкін. Егер пеш терезенің жанында болса, жалын перделерге тиіп, соңы өртке ұласуы мүмкін. Өрттің алдын алу үшін ас үйдегі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керек және қауіп шығуы мүмкін деп есептелетін барлық заттарға сақ болу керек.
Ас үйдегі өрттің ең көп кездесетін себептері:
- Шаң мен майдың жиналуы, бұл тез жанғыш қоспалар;
- Техника немесе сым жүйелеріндегі ақаулар;
- Отты пайдалану кезіндегі абайсыздық;
Ас үйдегі тұтанудың алдын алу үшін келесі нұсқаулықтарды орындаңыз:
- Ас әзірлеу кезінде оны қараусыз қалдырмаңыз;
- Қауіпсіз орында тамақ әзірлеңіз;
- Балаларды ас үйде қараусыз қалдырмаңыз;
- Шаң мен майды уақытылы сүртіп отырыңыз;
Егер ас үйде кішігірім өрт тұтана бастаса, онда жедел әрекет етіңіз. Оны импровизацияланған құралдардың көмегімен тоқтатуға тырысыңыз. Мысалы: кір жуғыш ұнтақ, гүл құмырасының ішіндегі құм, тағы басқалар. Суды пайдалануға болмайды. Егер өз күшіңізбен жанудың бетін қайтаруға күшіңіз жетпесе, өрт ауқымды болып бара жатса, онда газ бен электр қуатын өшіріп, дереу «101» немесе «112» байланыс телефонына қоңырау шалып, өрт сөндіру қызметін шақырыңыз.
Жаңақорған ауданы
Төтенше жағдайлар бөлімі