№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Темекі - өрт көзі!

Темекі - өрт көзі!

Өрт дегеніміз әдетте, қарапайым өрт қауіпсіздігі ережелері бұзылған жерде орын алады. Өрттің пайда болу себептері көбінесе адам факторы болып табылады. Отты абайсыз қолдану, соның ішінде шылым шегу кезіндегі абайсыздық - өрттен адамдардың қаза болуының жиі себептерінің бірі. Есіңізде болсын, төсекте немесе креслода отырып темекі шегуге болмайды, әсіресе спирттік ішімдіктер ішкен кезде  – бұл жағдайда ұйықтап қалу өте оңай.

Ал егерде дер кезінде темекіні өшірмесе, одан киім немесе жиһаз жануы мүмкін. Тіпті сөндірілген темекіні қағаз бен басқа да жанғыш қалдықтар салынған жәшіктерге тастамаңыз - олар жануы мүмкін. Күл салғыш ретінде қағазды, сіріңке немесе темекі қораптарын пайдалануға болмайды.
Гаражда темекі шегуге болмайды - автомобильдің жақындығы және тез тұтанатын сұйықтықтар өрт пен жарылысқа әкелуі мүмкін. Сіріңке немесе темекі кішкентай балалардың қолына түспеуін қадағалау қажет.
Соңғы уақытта Жаңақорған ауданынында отты абайсыз пайдалануға байланысты өрт жиілеп кетті.

Құрметті аудан тұрғындары!  Өрт сіздің жылдар бойы жинаған мүліктеріңізді жояды, адамдарға зардап әкеледі және тұрғын үй қорына зиян келтіреді. Өрт құрбандары темекі шегу кезінде өртке кінәлі адамдардың өздері, олардың көршілері мен балалары болуы мүмкін.Темекі тартпаңыз! Өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаңыздар!
                                                                          
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
04 сәуір 2023 ж. 244 0