№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балалардың отпен ойнауы

Балалардың отпен ойнауы

Балалар-біздің болашағымыз. Бірақ, біз балалардың өмірі қуанышқа толы және бақытты болғанын, оларға қауіп төнбегені туралы жиі ойланамыз ба? Өкінішке орай, бұл туралы бәрі естен шығарды. Ата-аналардың есінен шықпауы тиіс қауіпсіздік ережелерінің бірі – балалардың отпен ойнауы. Баланың отпен ойнауы салдары жеке меншікке зиян әкеліп және азаматтардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Баланың оттықпен ойнауына көбінесе ересектердің кінәсінен орын алады. Жасөспірімдердің үлкендердің қараусыз үйде жалғыз қалуы, сіріңкенің балаларға қолжетімді орындарда қалуы, сөнбеген электр құрылғыларын, жанып жатқан пешті қараусыз қалдырғанда болады.
Жасөспірімдерге үйде , мектепте өрттің зияндылығы мен шығыны туралы түсіндірме жұмыстарын өткізіп отыру қажет. Барлық мектептерде төменгі сынып оқушылардың қатысуымен біріншіден бұл тақырыпқа диктант, шығарма, викториналар өткізіп, арнайы видеороликтер көрсету қажет. Әрбір мектепте жастар арасында ерікті өрт сөндірушілер жасағын құру керек.
Біріншіден, өз балаларыңыздың өрт кезінде бұл ережелерге көңіл аударуын бақылаңыз:
- үйде немесе пәтерде қалмау керек, шкафтарда, қоймаларда, төсек астында тығылуға болмайды;
- өртті өздігінен сөндіруге талпынбауға;
- мүлікті сақтай отырып өмірін тәуекелге қоймауға;
- терезе мен есіктерді айқара ашпауға;
- су құбырларымен, жіппен түспеуге;
- жоғары қабаттағы терезеден секірмеуге;
- егер өрт пәтер сыртында болса, түтін басқан баспалдақпен шықпауға;
Әрбір бала өрт сөндірушілерді шақыра алатын «101» және «112» телефон нөмірлерін білуі тиіс. Өрт қауіпсіздігінің ережелерін қатаң сақтау, отпен ойнаудан әкелетін салдарлардың болдырмауын балаларға түсіндіру бұл әрбір отбасының міндеті мен парызы.
Жаңақорған ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі.
02 наурыз 2022 ж. 610 0