Соңғы жаңалықтар

АДАМ ДОСЫМЕН МЫҚТЫ

03 қыркүйек 2026 ж. 548

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (8979) 29

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » Қыркүйектің екінші жксенбісі – отбасы күні

Қыркүйектің екінші жксенбісі – отбасы күні



Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек.
Елімізде отбасы ұғымын дәріптейтін, кейінгі ұрпаққа үлгі ету мақсатында түрлі игі шаралар ұйымдастырылып жатыр. Солардың бірі республикамызда дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының өткізілуі. Аталмыш байқау арқылы халқымыздың талай өнегелі де мерейлі отбасылары марапатталып, мәртебе биігінен көрініп келеді.
Біздің ауданымызда мәуелі әулетке айналған мерейлі отбасылардың қатары қалың. Олар бүгінде бүтін бір елдің үлгі-өнеге алар жанұясына айналған. Отбасылық құндылықтарды қастерлеп, салт-дәстүрді берік ұстанған, ұрпағына тағылымды тәрбие берген осындай ардақты жандар қай кезде де мақтануға тұрарлық.
Ырысты күздің алғашқы айымен бірге жеткен Отбасы күні мерекесі әрбір шаңыраққа шаттық пен құт-береке әкелсін! Отбасымыз да, Отанымыз да аман болып, әрқашан көркейе берсін!
09 қыркүйек 2023 ж. 1 383 0