№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің комиссия отырысы өтті

«Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық байқауының облыстық кезеңінің комиссия отырысы өтті

Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағановтың төрағалығымен «Мерейлі отбасы – 2023» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінің комиссия отырысы өтті. 


«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының негізгі мақсаты өнегелі құндылықтарды жаңғырту және отбасы мен некенің жағымды үлгісін халық арасында кеңінен насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған.
Конкурсқа қатысуға отбасы мүшелерінің еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері бар, сондай-ақ қоғамдық пайдалы қызметке қатысатын (волонтерлік, қайырымдылық, меценаттық, тәлімгерлік) отбасылар жіберіледі.
Байқауға өңірімізден 304 отбасы өтінім білдірген. Жалпы өтінім білдірген отбасылардың ішінен қала және аудан бойынша байқау ережесіне сәйкес келетін 16 отбасы іріктеліп, облыстық кезеңге өтті.
Облыстық кезеңде комиссия мүшелері отбасы құндылықтарымен ерекшеленген 11 отбасыны іріктеп, оларға жүлделі орындар мен номинациялар тағайындады. Оның ішінде бас жүлдеге ие болған отбасының құжаттары ІІІ кезең, яғни республикалық кезеңге жолданатын болады. Ал байқау лауреаттарын марапаттау рәсімі жыл сайынғы үрдіспен қыркүйек айында «Отбасы күні» қарсаңында салтанатты түрде өткізілмек.
19 шілде 2023 ж. 206 0