№71 (8985) 19

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

«МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ» ҰЛТТЫҚ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ


Биыл аймағымызда 8-ші мәрте дәстүрлі түрде «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы өткізіледі. Конкурсқа іріктеу 15 мамырда басталып, республикалық деңгейде қорытындыланады. Ұлттық құндылықты үлгі етер отбасылық сайысқа 200-ден астам жанұя қатысады деп күтілуде. Бұл туралыӨңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия хатшысы Қаламқас Каримова хабарлады.

-«Мерейліотбасы» ұлттық конкурсының негізгі мақсаты – өнегелі құндылықтарды жаңғырту мен отбасы мәртебесін кеңінен насихаттауға бағытталған. «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы басталғалы бері 1500-ден астам жанұя қатысуға өтініш білдірді. Ал былтыр облыстан 182 отбасы қатысты. Үш жыл қатарынан Шиелі ауданының тұрғындары  жеңімпаз атанып келді. Жалпы байқау 3 кезеңнен тұрады. Бірінші кезең 15 мамырдан 15 маусымға дейін жүргізіледі. Онда қалалық және аудандық іріктеу жүргізіледі.

Екінші кезеңде іріктеуден өткен бір отбасы айқындалып, республикалық ұйымдастыру комитетіне жолданады, - деді Қаламқас Арыстанқызы.
Айтакетейік, қорытынды шара қыркүйектің екінші жексенбісі еліміздің ресми мерекесі отбасы күніқарсаңында анықталатын болады. Жеңімпаздарға диплом мен арнайы белгі табысталады.
16 мамыр 2022 ж. 1 091 0