Соңғы жаңалықтар

ВОЛЕЙБОЛДАН ЧЕМПИОН АТАНДЫ

15 қыркүйек 2026 ж. 91

АДАСПАЙЫҚШЫ, АДАМДАР!

15 қыркүйек 2026 ж. 61

Қош-қош айтып, құстарға...

15 қыркүйек 2026 ж. 93

№70 (8984) 15

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (8983) 12

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 2019-2020 оқу жылындағы оқушылардың демалыс күндері белгілі болды

2019-2020 оқу жылындағы оқушылардың демалыс күндері белгілі болды


Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы бойынша оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен 2020 жылдың 25 мамырына дейін созылады
Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі жаңа оқу жылында оқушылардың қалай демалатынын хабарлады zhanaqorgan-tynysy.kz интернет газеті https://sputniknews.kz/society/20190818/11297040/2019-2020-oqu-jyly-demalys.html сайтына сілтеме жасап.


Министрліктің 2019 жылғы 29 шілдедегі бұйрығына сүйенсек, келесі мерзімдер бекітілген:

•2019-2020 оқу жылының басы – 2019 жылдың 1 қыркүйегі;
•бірінші сыныптар үшін оқу жылы 33 оқу аптасынан тұрса, 2-11(12)-сыныптар үшін – 34 оқу аптасынан;
•күзгі демалыс 28 қазаннан 4 қарашаға дейін (7 күн);
•қысқы демалыс – 30 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін (10 күн);
•көктемгі демалыс – 21 наурыздан 2 сәуірге дейін (13 күн).

Бірінші сыныптар қосымша 3 ақпан мен 9 ақпан аралығында демалады (7 күн).
Оқу жылы 2019 жылдың 1 қыркүйегінен басталып, 2020 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Еске сала кетсек, астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференциясы өтті. Президент мұғалімдердің жалақысын алдағы төрт жылда екі есе өсіруді тапсырды.


19 тамыз 2019 ж. 1 881 0