№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Заң талабын орындау – жалпыға ортақ іс

Заң талабын орындау – жалпыға ортақ іс


10 шілде 2002 жылы Қазақстан Республикасының №339 «Ветеринария туралы» Заңы қабылданып, күшіне енді. Осы заң ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырудың құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негіздерін айқындайды және ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған және заң талаптарын орындау әрбір азаматтың борышы.

Қазақстан Республикасының 10 шілде  2002 жылғы №339  «Ветеринария туралы» заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың міндеттері.
Жануарлар мен адамға ортақ ауруларды алдын алу үшін, жеке және заңды тұлғалар орны ауыстырылатын объектілердің қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ветеринариялық ережелердi сақтай отырып, ветеринариялық және әкiмшiлiк-шаруашылық iс-шараларды жүзеге асыру қажет.
Бүгінгі таңда елімізді алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі – еліміздің экологиясының нашарлап кетуі, қоршаған ортаның ластануы болып отыр. Сол себепті аумақты, мал шаруашылығы қора-жайларын, сондай-ақ жемшөптi, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринариялық ережелер мен ветеринариялық нормативтерге сәйкес ұстап, қоршаған ортаның ластануына жол бермеу керек.  Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiре отырып,  зоогигиеналық және ветеринариялық талаптарды сақтау керек. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы жануарларына уақытылы вакцина егуге және олардың диагностикасын қамтамасыз етіп отыруға, жануарлар ауруларының, оның ішінде жануарлар мен адамға ортақ аурулардың алдын алу үшін жеке және заңды тұлғалар жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын бөлімшелеріне, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттiк ветеринариялық ұйымдарға, мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау органдарына жаңадан сатып алынған жануар, алынған төл, оның сойылғаны мен өткізілгені; жануарлар қырылған, бiрнеше жануар бiр мезгiлде ауырған немесе олар әдеттен тыс мiнез көрсеткен жағдайлар туралы хабарлауға және ауру деп күдiк келтiрiлген кезде, ветеринария саласындағы мамандар мен мемлекеттiк ветеринариялық-санитариялық инспекторларға хабарлап отыруға міндетті.

ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау
және қадағалау комитетінің
Жаңақорған аудандық аумақтық
инспекциясының басшысы И. Ахметов
22 тамыз 2023 ж. 292 0