№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Фитосанитариялық есептілікті табыс ету мерзімдері мен тәртібі

Фитосанитариялық есептілікті табыс ету мерзімдері мен тәртібі


ҚР 2002 жылғы 3 шілдедегі №331 «Өсімдіктерді қорғау туралы»
Заңы өсiмдiктердi зиянкестерден, арамшөптерден және өсiмдiктер ауруларынан қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асырудың құқықтық, экономикалық, ұйымдастырушылық негiздерiн айқындайды және егiн өнiмiн, оның сапасын сақтау мен ҚР аумағында фитосанитариялық iс-шараларды жүзеге асыру кезiнде адамдардың денсаулығы мен қоршаған ортаға зиянды әсердi болғызбауға бағытталған.
Осы Заңның шеңберінде ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақорған аудандық аумақтық инспекциясы улы химикаттардың адамдар денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіпсіз пайдаланылуына, ауыл шаруашылығы егістіктерінің зиянды организмдеріне қарсы іс-шаралардың уақытында әрі сапалы жүргізілуіне және фитосанитариялық есептіліктің жүргізілуі мен табыс етілуіне ұдайы бақылау жасап отырады.
Жоғарыда аталған Заңның 14-5-бабының 3 тармақшасынасай қызметі фитосанитариялық бақылау обьектілеріне байланысты жеке және заңды тұлғалар фитосанитариялық есепке алуды жүргізуге және уәкілетті органға есептілікті табыс етуге міндетті.
ҚР АШМ «Фитосанитариялық нормативтерді, фитосанитариялық есепке алу нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 29.06.2015 жылғы №15-02/584 санды бұйрығының қосымша нысандарына сай фитосанитариялық есеп ай сайынғы (наурыз, қыркүйек айлары), жартыжылдық және жылдық кезеңділікпен аудандық аумақтық инспекцияға  тұрақты табыс етілуі тиіс.
Фитосанитариялық есептілікті ұсынбау, сол сияқты уақытылы ұсынбау жеке және лауазымды тұлғалар мен шағын, орта, ірі кәсіпкерлік субьектілерін Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 403-бап, 1 тармағымен әкімшілік жауапкершілікке тартуға әкеп соғады.

Д.Скаков
ҚР АШМ АӨК МИК Жаңақорған аудандық аумақтық
инспекциясының Бас маман - өсімдіктерді қорғау 
жөніндегі мемлекеттік инспекторы 
06 сәуір 2021 ж. 478 0