№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ел тілеуі ескерусіз емес

Ел тілеуі ескерусіз емес



Соңғы жылдары аудан тұрғындары тарапынан жол сапасына байланысты көптеген сын пікірлер жиі айтылуда. Бұл да күн тәртібіндегі өзекті мәселеге айналды. Осыған байланысты аудандық мәслихат депуттары өз округтерін аралап, салынатын құрылыстың мән-жайын зерделеп, мердігер мекемелермен байланыс орната бастады. Біз кезекті жұмыс барысымен кенттегі көшелердің мән-жайды зерделеуді бастадық. Бұл жолы нысанаға аудандық мәслихат депутаты Ақмарал Маликова ілігіп, кішігірім сұхбат өрбіттік.
– Қазір көшелердің, әсіресе кент ішіндегі көше жолдарына байланысты шағым көп. Сіз өз округіңіз бойынша атқарылып жатқан жұмыстарды жүйелеп берсеңіз.
– Өзімнің сайлау округімдегі «Санаторий» аумағында М.Дәруіш көшесіне жөндеу жұмыстары биылға жоспарланған болатын. Менің алдыңғы посттарымда жариялағандай М.Дәруіш 1,2көшесінің жөндеу жұмыстары аяқталған. Ендігі кезекте М.Дәруіш 3,5 көшелерінің жөндеу жұмыстары басталады. Аталғанкөшелерге «Азрет Жол құрылыс» АҚ мердігер мекемесі құрылыс жұмыстарын бастағалы жатыр. Сонымен қатар, осы көшелермен бірге «Алпамыс» бала бақшасына баратын жолға да құрылыс жұмыстары жүргізіледі.
Құрылыс жұмыстарының алдында мердігер компания өкілдері және кент әкімдігінің жауапты маманымен құрылыс жүргізілетін аумақтарға барып, тағы бір рет нақтылап қайттық. Мердігер мекеме қызметкеріне құрылыс жұмыстарының мерзімінде және сапалы орындалуын тапсыра келе, менің бақылауымда болатынын жеткіздім. Сапа сын көтеруі тиіс, өйткені, бұл көшелерге жөндеу жұмысы жыл сайын жүргізілмейді. Сондықтан тұрғындар да мүмкіндік болса қадағалап, кем-кетік болса айтуына болады. Бірлескен істе береке бар.
– Жол мәселесіне басқа қандай елдің тілеуі бар еді.
– Өзімнің сайлауалды насихат жұмыстарымды жүргізген уақытымда Т.Исмайлов, Н.Қаллилаев, С.Ысқақов және Абдуллаев көше тұрғындарының басым бөлігі балаларға арналған ойын алаңқайын салып беруге ықпал етуімді сұраған болатын. Осы мәселе бойынша жұмыстар атқарып, нәтижесінде кент мамандарымен бірге ойын алаңқайын салатын жерді белгілеп нақтыладық. Бұл осы көшелер тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Ендігі кезекте алаңқайды салуға тиісті рәсімдер жүргізіліп, алдағы болатын мәслихат сессиясында қаржысы қаралатынын хабарлаймын.
Ақмарал апай қысқа әңгімеден соң тұрғындармен байланысып көрдік. Біз әзірге бір ғана көшенің тұрғынымен байланыса алдық.
– Бізге расында балалар ойын алаңқайы керек. Сол секілді көшеге асфальт төселуін сұраудамыз. Бірақ, бірінші кезекте балалардың бүгіні маңызды болып тұр. Бүгін сүйінші жаңалықты естіп, қуанып жатырмыз. Алла абырой беріп, іс оңынан болсын деп тілейміз. Барлығы кезең-кезеңімен шешіледі ғой, бұйырса тілегімізге тіреу болып жүрген өзіңізге айтар алғысымыз шексіз, – деп Т.Исмайлов көшесінің тұрғыны Ерлан Райымбекұлы жылы лебізін білдірді.
Сөз соңында Ақмарал апай: «Біздің мақсат ортақ, мүддеміз бір, сондықтан сайлаушыларыммен бірлесе отырып барлық күрмеулі мәселелерді шешуге жұмыс жасаудамыз. Қалғанын уақыт көрсетеді» – деп қысқа қайырды.

                                                                                                                                  Әли ТЕМІРБЕК
12 тамыз 2023 ж. 132 0