№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жаңақорғандағы қасиетті жерлерге табан тіредіңіз бе?

Жаңақорғандағы қасиетті жерлерге табан тіредіңіз бе?

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы руханият әлемінің көкжиегін кеңейтіп, мәдени мұралардың маңыздылығын айқындай түсті. Әрі «Туған жер» бағдарламасы аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыру керектігін мәлімдеген болатын. Ұлы Дала елінің әр қиырында тәуменді тарихтың бедері тасқа таңбаланған. Жалпы бұл идеяның түп төркіні – киелі мекендер мен өзге де қасиетті жерлерді өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен ретінде орнықтыруды меңзейді.
Осы тұста Бесарық ауылдық округіндегі «Талдысу» жазғы тынығу лагерінде Арыс қаласынан келген 150 балаға аудандағы киелі жерлерді таныстыру мақсатында аудандық музейдің ұйымдастыруымен көшпелі көрме өткізілді. Музей қызметкері Құралай Дәрмен арыстық балаларға Жаңақорған өңіріндегі киелі мекендерді көшпелі көрмедегі картиналар арқылы таныстырып, көңіл көкжиегін кеңейтті. Сығанақ, Хорасан ата, Ақтас пен Айқожа ишан, Төлегетай-Қылышты ата, Қарасопы мен Сунақ ата кесенелері жайлы кең ауқымды түсінік берді. 
                                                                   
Ерлан РАЙЫМБЕК
18 тамыз 2019 ж. 1 238 0