№68 (8982) 8

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (8981) 5

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (8980) 1

01 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » "Бәйтерек" монументі уақытша жабылады

"Бәйтерек" монументі уақытша жабылады


2018 жылдың 21-28 мамыр аралығында «Бәйтерек» монументі жоспарлы реставрациялық жұмыстардың жүргізілуіне байланысты келушілер үшін жабық болады, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі.

"Аталған кезеңде еліміздің басты ескерткіштерінің бірінде келесідей жұмыстар жүргізіледі: конструкцияның шыны бөлігін жуу, металл тіректерді сырлау, кейбір мәрмәр элементтерді ауыстыру және ауа райының қолайсыздығының салдарынан туындаған кейбір кемшіліктерді түзету", - делінген Астана қалалық Мәдениет және спорт басқармасы баспасөз қызметінің хабарламасында.
«Бәйтерек» монументі 29 мамырда келушілер үшін қайта ашылады.
Айта кетейік, ескерткіш үзіліссіз сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. Кіру құны 15 жасқа дейінгі балалар үшін – 300 теңге және ересектер үшін – 700 теңге.
18 мамыр 2018 ж. 4 386 0