Ұялы телефон ұрлаудан пайда жоқ
«Ұрлықтың түбі – қорлық ». Айдың күні аманында ұрлық жасаймын деп өмірінің біраз бөлігін абақтының арғы жағында, қапас тордың түбінде, көкірегін өксік кернеп, бармағын тістеп, өкінішпен күн кешіп жүрген жеткіншектер қаншама. Абақтыдағы жазасын өтеушілердің 28 пайызы ұялы телефон ұрлығын жасағандар екен.
Биыл сәуір айының 19-күні Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің аумақтық бөліністері «ұялы байланыс операторының арасында ұрланған мобильдік абоненттік құрылғыларды бұғаттау» жөнінде Меморандумға қол жеткізген еді. Осы маңызды келіссөздің арқасында елдегі ұрлыққа қатысты қылмыс едәуір мөлшерде төмендеген.
Ең бірінші Алматы облысы праплактика жасалып, ұрлықшылар құрыпталды. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде қылмыс көрсеткіші 21,5 пайыз төмендеген. Осы нәтижеден кейін, біршама облыс орталықтарында осы бағытта жұмыс жүргізуді жолға қойды.
Биылғы жылы Қызылорды облысының ішкі істер департаментіне меморандум негізінде жұмыс жасау туралы талап қойылды. Ағымдағы жылдың 9 айдың өзінде біршама қылмыс әшкере болды. Ұялы байланыс құралының ұрлануына қатысты тіркелген 200 шағым түсіп, 27-і табылып, иелеріне қайтарылған. Ал, қалғандары іздестірілу үстінде.
Жаңақорған ауданы бойынша да ұялы телефон ұрлаушылардың жымысқы әрекеті жария болды. Өткен жылы 50 ұялы телефон ұрланған. Биыл тоғыз айдың көлемінде 27 ұрлыққа қатысты іс қозғалды.
Жаңақорған ауданы прокурорының орынбасары кіші әділет кеңесшісі Алмат Абдуллаевтің сөзіне қарағанда ауданда ұялы телефон ұрлаған қылмыскерлер көп ұзамай ұсталады екен.
Енді қымбат қалта телефонын ұрлаудың еш пайдасы жоқ. Себебі қолды болған ұялы телефондар алдағы уақытта қолданыстан шығып, толықтай бұғатталады.
Мақпал Марқабай.

Пікір 2