№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » «Тұтынушылар жоғары деңгейде қорғауды қажет етеді»

«Тұтынушылар жоғары деңгейде қорғауды қажет етеді»


Күн сайын дерлік біз әртүрлі тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып аламыз, бірақ олар әрдайым сапалы бола бермейді. Кейде сатып алушының құқықтары сатып алудан бұрын, сатушылар тауардың техникалық сипаттамалары туралы дұрыс емес ақпарат берген кезде бұзылады.
Бұл ретте, соңғы уақытта әртүрлі салаларда тұтынушылардың құқықтарын бұзу жағдайлары жиілеп кеткенін атап өткен жөн, осыған байланысты уәкілетті органға өтініштер саны жыл сайын артып келеді.
Осыған байланысты тұтынушыны нарықтық қатынастарда барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға үнемі өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отырылады. Осы ретте, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша уәкілетті орган заң жобасын әзірледі, ол елдің ақпараттық саласында белсенді талқыланып және мемлекеттік органдармен бірлесіп пысықталуда. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заң жобасына оралсақ, оның негізгі аспектілерін атап өткен жөн.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу және заңнамалық бекіту есебінен тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін институционалдық күшейту. Омбудсмен институтының бірқатар елдердің қоғамдық-саяси жүйесіне қосылуы, ең алдымен, мемлекет пен қоғамның қызметі саласындағы қоғамдық институттардың жандануымен түсіндіріледі.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Омбудсмен институтының міндеті 19 млн тұтынушының әрқайсысын тыңдау, қызмет барысында тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласының жүйелік проблемаларын зерделеу және анықтау, сондай-ақ тұтынушылардың дауысы ретінде қызмет атқару, бұл туралы Мемлекеттік биліктің ең жоғарғы эшелондарына мезгіл-мезгіл тікелей баяндау, осы проблемаларды шешу жөніндегі ұсыныстар енгізу болып табылады.
Омбудсмен институтының функцияларына кәсіпкермен туындаған тұтынушы құқықтары мәселелері бойынша сотқа дейінгі реттеу, әйтпесе - тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін талап қоюмен сот органдарына жүгіну, егерде тұтынушылардың құқықтарына нұсқан келтіруі мүмкін болса немесе олардың мүдделерді қозғалса, әзірлеуші мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің салалық жобаларын әзірлеуге белсенді қатысу,азаматтарды тұтынушылардың құқықтары мәселелері бойынша құқықтық сауаттылықты арттыру  және ағарту болып табылады.
2020 жылы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Заңға түзетулер қабылданып, олар үкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті тарта отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құруға ықпал етті, оның ішінде тұтынушылардың шағымдарын қараудың үш сатылы алгоритмі енгізілді (1 кезең – сатушы және дауларды сотқа дейін реттеу субъектілері, 2 кезең – мемлекеттік органдар, 3 кезең — сот). Тұтынушылардың шағымдарын қарау мен шешудің енгізілген үш сатылы алгоритмі тұтынушылардың мемлекеттік органдарға, содан кейін сот органдарына өтініштерін жіберуді көздейді. Бұл ретте сондай-ақ азаматтың сотпен кедергісіз қорғалуына конституциялық құқығын ескере отырып, тұтынушылардың шағымдарын  қараудың қолданыстағы үш сатылы алгоритмін, екі сатылы алгоритміне,  тұтынушылық даудың тараптары арасындағы дауларды тек қана сотқа дейінгі реттеу мүмкіндігін сақтай отырып, құқықтары бұзылған тұтынушыны сотқа талап қою алдында мемлекеттік органға жүгінуге міндеттемеуұсынылады.
Бұдан басқа тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктерінде қаражаттың болмауы және де базаларының материалдық-техникалық жарақтануының төмен болуы олардың тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарына кедергі келтіретінін атап өткен жөн. Бұл ретте тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктеріне тұтынушыға өтелетін сомадан сыйақы есептеу жөніндегі институт сияқты қоғамдық бірлестіктерді қаржылық қамтамасыз ету қаралмаған. Бүгінгі күні жауапкерден заңды тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың) сомасын тұтынушылардың қоғамдық бірлестігіне аудару туралы норма жоқ, бірақ бұрын "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы "Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының 1991 жылғы 5 маусымдағы Заңында болған. Аталған ұсыныс оны қаржыландырудың қосымша көзі болады және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қазіргі қоғамдық бірлестіктердің қаржылық тәуелсіздігіне демеу болады.
Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға ұсынылатын түзетулер тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже береді. Әзірленген жаңашылықтарды заңнамалық тұрғыдан бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым жоғары сапалы деңгейге көтереді және қазақстандықтардың өмірінде жағымды өзгерістерге әкеледі.
Сонымен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне, яғни e-tutynushy.kz сайтында ұялы телефон немесе компьютер арқылы әр тұрғын өзінің бұзылған құқықтары туралы мәлімдей алады және кәсіпкерлерге Smart QR қосылуғаболады.


«Қазақстан Республикасы Сауда және
 интеграция министрлігінің  Қызылорда
 облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау
  департаменті» РММ
13 шілде 2023 ж. 278 0