№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тұтынушы құқығы қорғалады

Тұтынушы құқығы қорғалады

 
«Таза энергияға көшу арқылы тұтынушылардың мүмкіндіктерін кеңейту» ұранымен өтеді

Өздеріңізге белгілі, Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтары күні  жыл сайын 15 наурызда атап өтіледі.  Жыл сайын Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күні белгілі бір ұранмен өткізіледі, бұл тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ең проблемалы бағыттарына назар аударуға мүмкіндік береді. Мәселен,
2019 жылы - сенімді интеллектуалды өнімдер;
2020 жылы - ұтымды тұтынушы.
2021 -  «Пластикалық ластанумен күресу» 
2022 - Әділ цифрлық қаржылық қызметтер деп жариялады.
Осы жылы жұртшылықты таза энергия көшуге назар аударуға шақырды, сондықтан 2023 жылғы 15 наурызда Дүниежүзілік тұтынушылардың құқықтарын қорғау күнін "Таза энергияға көшу арқылы тұтынушылардың мүмкіндіктерін кеңейту" ұранымен өткізу туралы шешім қабылданды.
Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық топтың алтыншы бағалау есебінің үшінші бөлігінде энергияны тұтынудағы өзгерістер 2050 жылға қарай парниктік газдар шығарындыларын 70% - ға дейін төмендетуі мүмкін екендігі айтылған. Іс жүзінде бұл дегеніміз, егер бүкіл әлемдегі тұтынушылар өз өмірлеріне өзгерістер енгізе бастаса: көлікпен қозғалыстың, тамақ дайындау, жылыту, салқындату және өз үйлерін энергиямен қамтамасыз етудің таза тәсілдерін таңдау, бұл климаттық дағдарыстың алдын алу жолында айтарлықтай өзгерістерге әкеледі.
"Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында тұтынушылардың құқықтары бекітілген. Аталған  Заң тұтынушының тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) иеленуге еркін шарт жасасуға, тауар (жұмыс, көрсетілетін қызмет) туралы ақпарат алуға, қауіпсіз тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) сатып алуға, тауарды (жұмысты, көрсетілетін қызметті) еркін таңдауға, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тиісті сапасына, тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) кемшіліктері салдарынан өздерінің өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне келтірілген залалды (зиянды) толық көлемде өтету   құқықтарын қарастырған.
Бұл ретте тұтынушыны нарықтық қатынастарда барынша қорғау мақсатында тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыратындығын атап өткен жөн. Атап айтсақ осы жылы осындай өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар  жүргізілуде.
Интернет арқылы, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы тауарларды сатып алу және төлеу кезінде тұтынушылар алдау мен алаяқтыққа жиі тап болатыны құпия емес. Осыған байланысты қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу әзірленуде.
Сонымен қатар тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу ұсынылып отыр. Омбудсмен мәртебесі Қазақстан тұтынушыларының құқықтарын қорғау саласының жүйелі проблемаларын оларды шешу жолдарын талқылау үшін мемлекеттік биліктің жоғары эшелонына шығаруға мүмкіндік береді.
Осылайша, омбудсмен халық пен қоғамдық бірлестіктердің дауысы ретінде қызмет ететін болады, ол тұтынушылардың құқықтары бұзылған салалардың қазіргі проблемаларын мемлекеттік биліктің бірінші тұлғаларына тікелей жеткізеді.
Тұтастай алғанда, тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңға ұсынылатын түзетулер тұтынушының қанағаттанушылығын қамтамасыз етіп, әлеуметтік тепе теңдікті қалыптастыруда оң нәтиже береді. Әзірленген өзгерістер мен толықтыруларды заңнамалық тұрғыдан бекіту тұтынушылардың құқықтарын қорғау жүйесін неғұрлым сапалы деңгейге көтереді және қазақстандықтардың өмірінде жағымды өзгерістерге әкеледі.
14 наурыз 2023 ж. 1 321 0