№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Білім министрлігінде кадрлық өзгерістер болды

Білім министрлігінде кадрлық өзгерістер болды



ҚР оқу-ағарту министрінің бұйрығымен Қаныбек Бекболатұлы Жұмашев Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Қаныбек Жұмашев 1970 жылы Маңғыстау облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін бітірген. Еңбек жолын 1992 жылы "Қаражанбастермұнай" тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасы цехының технологы болып бастады. 1992-1993 жж. - "Қаражанбастермұнай" тәжірибелік-эксперименттік мұнай-газ өндіру басқармасының ғылыми-зерттеу және өндірістік жұмыстар цехы зертханасының инженері. 1993-1995 жж. - Ақтау қаласындағы орта кәсіптік-техникалық училищеде химия пәнінің оқытушысы. 1997 ж. - колледжде химия пәнінің оқытушысы, орта мектепте биология және география пәнінің мұғалімі. 1997-2000 жж. - Маңғыстау облыстық білім басқармасының алғашқы әскери дайындық бойынша жетекші маманы. 2000-2004 жж. - Маңғыстау облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының директоры. 2004-2005 жж. - Маңғыстау облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары, Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының м.а. 2005-2006 жж. - Маңғыстау облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі кеңесшісі. 2006-2008 жж. - Маңғыстау облысы Білім департаменті директорының орынбасары, директоры. 2008-2010 жж. - Маңғыстау облысы Білім басқармасының бастығы. 2010-2012 жж. - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2012-2019 жж. "Нұр Отан" партиясында жұмыс істеді. 2019-2020 жж. - Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары. 2020-2021 жж. - ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрінің кеңесшісі. 2021-2022 жж. - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары. 2022 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Оқу-ағарту министрлігі Атырау облысының білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болды.
07 шілде 2023 ж. 216 0