№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қазақстандағы апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

Қазақстандағы апта ішіндегі кадрлық тағайындаулар

  Апта басында Алматы облысы әкімінің бұйрығымен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев Алматы облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелдің айтуынша, жаңа басқарма басшысын Амандық Баталов аппарат жиынында тағайындап, көпшілік алдында таныстырған. Нұрбақыт Молдахметұлы 1983 жылы 10 сәуірде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. Грек-рим күресінен бірнеше дүркін Азия чемпионатының жүлдегері, 2008 жылғы Бейжің олимпиадасының күміс жүлдегері, 2009 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған кәсіби спортшы. 2014 жылдан бері Алматы облыстық жоғарғы спорт шеберлік мектебінің директоры қызметін атақарып келген. Талдықорған қаласының және Панфилов ауданының құрметті азаматы, «Құрмет» орденінің иегері. Сонымен бірге, 22 қазанда Мемлекет Басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Айгүл Сайфоллақызы Құспан Қазақстан Республикасының Люксембург Ұлы Герцогтігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі, Еуропа Одағының жанындағы және Солтүстік Атлант Шарты ұйымындағы (НАТО) Қазақстан Республикасы Өкілдігінің Басшысы қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды. Ал Бас прокурор Қайрат Қожамжаров дзюдо федерациясының президенті болды. 2017 жылдың 4 қаңтарында Дзюдо федерациясының президенті болған Кеңес Рақышевтың өкілеттігі аяқталғанын, содан бері осы лауазымның орны бос қалған еді. Осы орайда бұл лауазымға Қайрат Қожамжаровтың кандидатурасы ұсынылып, көпшілік мақұлдауымен Қайрат Қожамжаров дзюдо федерациясын ÒазаÒÑÑандаÒÑ Ð°Ð¿Ñа ÑÑÑÐ½Ð´ÐµÐ³Ñ ÐºÐ°Ð´ÑлÑÒ ÑаÒайÑндаÑлаÑбасқаратын болды. 24 қазанда Түркістан облысында құрылыс басқармасына жаңа басшы келді. Облыс әкімінің өкімімен бұл қызметті Тоқтар Үсіпәлиев атқаратын болды Айта кетейік, Тоқтар Оразұлы 1972 жылы Сайрам ауданына қарасты  Самсоновка ауылында дүниеге келген. 1990-1996 жылдары Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясында құрылыстағы экономика және басқару мамандығы бойынша инженер-экономист, 2003-2006 жылдары Орталық Азия университетінде газ-мұнай құбырлары мен газ-мұнай қоймаларын жобалау, салу және пайдалану мамандығы бойынша инженер біліктілігін алып шыққан. Еңбек жолын 1997 жылы Сәулет және қала құрылысы басқармасының жобалау бойынша инспекторы болып бастаған. 1998-1999 жылдары Қалалық жобалау өндірістік басқармасының басшысы, 1999-2000 жылдары Қалалық сәулет және қала құрылысы басқармасының жарнама бойынша инженері, 2000-2002 жылдары Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Құрылыс істері комитетінің экономикалық талдау және жоспарлау басқармасының жетекші маманы, бас маманы, 2002-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінің Құрылыс істері комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық сәулет-құрылыс бақылауы және лицензиялау басқармасының бөлім басшысы, 2010-2012 жылдары «Еуразиялық су орталығы» ғылыми-өндірістік бірлестігі АҚ бас инженері, 2012-2013 жылдары Болат Нұржанов атындағы «Екібастұз СЭС-1″ ЖШС тексеру комиссиясының мүшесі, 2013-2014 жылдары«КазМТОГрупп» ЖШС директордың орынбасары, 2014-2016 жылдары «Тау-Кен Самурык» Ұлттық Тау-кен компаниясы» АҚ Ұйымдастыруды қамтамасыз ету департаментінің директоры, 2016-2018 жылдары Түркістан облысы құрылыс басқармасы басшысының орынбасары  қызметтерін атқарған. Осы аптада сондай-ақ, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы құрамындағы республикалық «Көкпар» және «Аударыспақ» федерацияларының басшылық құрамына өзгерістер енді. Құрылтайшылардың жалпы жиналысының хаттамасына сәйкес, республикалық «Көкпар» федерациясының президенті болып Мұхтархан Ділдабеков, ал республикалық «Аударыспақ» федерациясының президенті болып Данияр Қобыландин тағайындалды. Мұхтархан Ділдабеков 1976 жылы Түркістан облысы Мақтарал ауданы, Абай ауылында дүниеге келген. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Білімі жоғары. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ - түрік университетін тәмамдаған. «Парасат» орденінің иегері, Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы. Бокс қолғабын шегеге ілген 2006 жылдан Мұхтархан Ділдабеков Шымкент қаласының №5 бокстан Олимпиада резервінің мамандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, 2008 жылдан осы уақытқа дейін «Оңтүстік Қазақстан облысының бокстан олимпиада резервін дайындайтын балалар мен жасөспірімдердің мамандырылған спорт мектебінің» директоры қызметтерін атқарып келген. Ал республикалық «Аударыспақ» федерациясының президенті болып тағайындалған Данияр Қобыландин 1984 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының түлегі. Еңбек жолын Ақтөбе облысы прокуратурасынан бастаған. ҚР Көліктік бақылау комитетінде, ҚР Президент әкімшілігінде, Алматы қаласы әкімдігінде қызмет еткен. Қазіргі кезде жеке кәсіпкер. Түркістан облыстық әділет департаментіне жаңа басшы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі хатшысының бұйрығымен бұл қызметті Мұхит Бекетұлы Тұрғараев атқаратын болды. Мұхит Бекетұлы 1973 жылы 2 тамызда Алматы қаласында туған. Орта мектепті Шымкентте тәмамдап, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде жоғары білім алған. Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетін бітірген. Еңбек жолын 1996 жылы «Атакент» кеденінде контрабандамен күресті ұйымдастыру бөлімінің инспекторы міндетінен  бастаған. Кейін сот саласы мен әділет департаменттерінде түрлі қызметтерді атқарды. Өңірдің әділет департаменті басшысының орынбасары, міндетін атқарушы қызметттерін атқарған. Енді  жаңадан құрылған Түркістан облыстық  әділет департаментінің басшысы қызметіне кірісті.   
inform.kz
28 қазан 2018 ж. 1 102 0