№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Берері мол басқосу

Берері мол басқосу



Астанада «AMANAT» партиясынан барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының бірінші республикалық форумы өз деңгейінде өтті. Оған 3 мыңға жуық адам қатысса, олардың 2,5 мыңы жергілікті өкілді органдардың аманаттық депутаттары болды. Жаңақорған аудынынан барған арнайы делегат қатарында өзім де болдым.
Әнұранмен ашылған форумда алғаш болып, партия төрағасы Ерлан Қошанов сөз алды. Ол өз сөзінде мәслихат депутаттары аймақтағы проблемаларды жергілікті жерде жедел шешіп отыруы қажет екендігі мен тұрғындардың әділдік іздеп, алыстан Астанаға сабылмауы тиіс екендігін айтты. Әрі қарай отырысты ҚР-ның Премьер министрі Әлихан Смайылов жалғастырып, атқарылған және атқарылстын мәселелерге тоқталды. Сонлай-ақ қалалық, облыстық мәслихаттың депутаттары да сөз алып, өз аймақтарының, сонымен қатар елдің мәселелерін мінберде көтеріп, елдің ұсыныстарын жеткізді.
Форумнан соң «AMANAT» партиясы мәслихат депутаттарының форумы панельдік сессияда жалғасып, депутаттар түрлі сала бойынша жауапты министрлермен кездесіп, өңірлеріндегі проблемаларды ортаға салып, өз ұсыныстарын ортаға салды.
Әр аймақтан келген 2,5 мыңнан астам депутат осылайша 11 секцияға бөлініп, білікті спикерлерден дәріс алды.
Баяндама оқыған спикерлердің қатарында Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен партия хатшылары болды. Қатысушылар оларды тыңдап қана қоймай, өз облысындағы өзекті проблемаларға қатысты сұрағын қойып, пікір алмасты.
Өзім қатысқан «Балқаш» секциясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, денсаулық министрі Ажар Ғинаят пен парламент мәжілісінің депутаты Асхат Аймағамбетов болды. Әдетте теледидардан ғана көретін жандармен жақыннан жүздесіп, көкейде жүрген түйткілді мәселелердің шешілу жолдарын бірге талқыладық!
04 шілде 2023 ж. 130 0