№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Форумның ел мүддесі үшін маңызы зор

Форумның ел мүддесі үшін маңызы зор


Аудандық партия филиалының төрағасы ретінде аманаттық депутаттар үшін алғаш рет ұйымдастырылған форумда мағынасы кең тақырыптар талқыланып, оның шешілу жолы айтылды.
Халық қалаулылары үшін бұл жол оңай еместігі соған қарамастан кез келген мәселеге бей-жай қарамай бел шеше кірісу керектігі айтылған отырыстан өзім де әріптестерім де кеңінен мағлұмат алды деп ойлаймын!
Мен үшін қызықты бағыты түстен кейін ұйымдастырылған панельдік сессия болды. Онда әр аймақтан келген 2,5 мың депутат 11 секцияға бөлініп, білікті спикерлерден дәріс алды.
Баяндама оқыған спикерлердің қатарында Премьер-министрдің орынбасарлары, министрлер мен партия хатшылары болды. Қатысушылар оларды тыңдап қана қоймай, өз облысындағы өзекті проблемаларға қатысты сұрағын қойып, пікір алмасты. Әдетте мәслихат депутаттары Премьер-министрмен немесе басқа да жоғары лауазымды тұлғалармен кездесе алмайтындығын жиі айтатын. Сондықтан нақ осы форумда оларға сондай мүмкіндік жасалды. Осылайша «AMANAT» партиясы мәслихат депутаттары мен Үкімет мүшелері арасында тікелей диалог орнады. Бұл дегеніміз Жаңа Қазақстанға қадам басқанның белгісі деп ойлаймын!

Арман Мәжитов Әбілпейісұлы
"АMANAT" партиясы Жаңақорған аудандық филиалының төрағасы

03 шілде 2023 ж. 192 0