№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Ашықтық қағидатына бағытталған келелі кездесу

Ашықтық қағидатына бағытталған келелі кездесу



Сонымен 2500-ден астам аманаттық депутаттардың басын Астанада қосқан саяси іс-шарадан не түйдік. ҚР Парламенті Мәжілісінің және партия Төрағасы Ерлан Қошановтың сөзімен ашылған саяси іс-шарада баршамызды бір миссия мемлекет пен халыққа адал, риясыз қызмет ету миссиясы біріктіретіні айтылды.Расымен Қазақстанның туы бейнеленген депутаттық төсбелгіні бекерге алып отырған жоқпыз. Мұның мағынасы кең. Бұл төсбелгі халық сайлағанын білдіреді. Сондықтан, бізге қойылатын талап та аса жоғары болатынын естен шығармауымыз керек.

Сайлаушылар басқалардың қателігін кешіргенімен, бізді кешірмейді және біздер мұны естен шығармауымыз керек.Заман ағымына қарай қоғамның да сұранысы күшейген. Оны мойындауымыз керек. Алайда, азаматтар бізден орындалмайтын нәрсені сұрап отырған жоқ.Олар берген уәделеріміздің уақытында әрі сапалы орындалуын, реформалардың нақты нәтижесін тағатсыздана күтіп отыр.Олай болса, мына біздердің бел шешіп жұмысқа кірісетін шағымыз келді. Бұл, әсіресе, мәслихат депутаттарына қатысты. Партияның жергілікті жердегі өкілі ретінде мен мұны анық айта аламын. Біздің қолымызда өңірлік саясатқа ықпал ете алатын мүмкіндік бар. Сондықтан мойнымызға артылған жүк жеңіл емес. Өйткені бұрын халық әкімді іздесе, қазір талап-тілегін депутатты іздеп сұрайды. Не жағдай болса да, «AMANAT» қайда?» дейді. Мұны кез келгеніңіз сезініп жатқан шығарсыздар. Біз осы сынаққа да дайын болуымыз керек. Бас қалада бас қосқан семинардан осы айтылғанды түйдік.Одан әрі күннің екінші жартысына белгіленген кестеге сәйкес «AMANAT» партиясынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары панельдік оқыту сессиясында кездесті.
Онда іс-шараның спикерлері Үкімет мүшелері министрлер мен вице-министрлер, модераторлары Мәжіліс депутаттары болды.Қазақстан тарихында тұңғыш рет ұйымдастырылған саяси жиынның қатысушысы болғаным мен үшін депутаттық жұмысыма тәжірибе болды. Өйткені 11 секцияға бөлінген оқыту мен тренинг аясында «САРЫАРҚА» тобында бізге ұлттық экономика министрі ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ қатысып, кез келген сұрақты тікелей қоюға мүмкіндік алдық.Қасиетті мейрам Құрбан айт мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған осындай тағылымы мол басқосудан ел үшін берері мол мәлімет жинап қайтқаным мен үшін үлкен мәртебе!

Лаура Бибасова
Жаңақорған Ауданының Мәслихатының депутаты
04 шілде 2023 ж. 158 0