№90 (8801) 12

12 қараша 2024 ж.

№89 (8800) 9

09 қараша 2024 ж.

№88 (8799) 5

05 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » Астана қаласындағы “AMANAT” партиясының Республикалық бірінші форумы

Астана қаласындағы “AMANAT” партиясының Республикалық бірінші форумы



29.06.2023 жылы Астана қаласында “AMANAT”. партиясының Республикалық бірінші форумы өтті. Форумның мақсаты: Жаңа Қазақстанды жаңашаландыру.Мұндай форум алғаш рет өткізілуде және оған мәслихат депутаттарының қатыстырылып жатқанын дұрыс деп бағалаймын. Өйткені, депутаттардың басты міндеті халық сөзін билікке тікелей жеткізу болып табылады.

Осы ретте айта кету керек, өңірде, жергілікті жерде шешілуі тиіс мәселелер өте көп. Оны шешу үшін орталықтағы саясат пен тәсілдерді түсініп, жаңа тәсілдерді, әдістемелерді, дағдыларды үйрену керек. Осы ретте алғашқы болып форумды «AMANAT» партиясы ұйымдастырып отырғаны заңдылық.

Партиямыз реформаларды нақты жүзеге асыруға ден қойып, партия қатарында көптеген жаңа есімдер пайда болды.

Өз округіме қарасты Шалқия кентінінің мәселесін мінбеде көтерсем, оның шешілу жолын қарастырсам деген мақсатым болды. Тілегенім алдымнан шығып, ұлттық экономика министрі Әлібек Сәкенұлы Қуантыровпен кездесудің сәті Астана төрінде, осы форумда бұйырыпты. Сұрағымды тікелей өзіне қойдым. Бір емес… екі сұрақты қатарынан қойдым. Бірінші сұрағым спорт кешені, екіншісі ауыл шаруашылығы жайлы болды.Жауабын төмендегі видеодан толықтай көре аласыздар!

Ал форумнан түйгенім, бір-бірімізге шынайы жанашыр, шынайы тілекші болғанда ғана дүние түзеліп, мемлекет оң бағытқа көшін бұрады. Олай болса кеудемізге таққан көк ту бейнеленген төсбелгіні абыроймен алып жүру бұйырсын деймін!
04 шілде 2023 ж. 185 0