Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Жақсының аты өлмейді

Жақсының аты өлмейді



Өзіміз өмір сүріп отырған қоғамның ғажайып келбетін қалыптастыруда өркениетті жетістіктерге қол жеткізу өз алдына озық ойлы сана иелерінің салмақты өмір кредосы құндылық атаулыны тұғырына қондырып, сайып келгенде ұлттың атын төрге оздырумен түйінделеді екен. Туған жеріміздің азаматы, «Қазақстанның Құрметті құрылысшысы» Алшынбай Тұртановтың өңірімізде жетпісінші жылдардан бастап желкенін кеңге жайған қанатты жобалардағы қолтаңбасы айрықша. Бұлай деуімізге ол кісінің еңбек жолы дәлел.
Ол орта мектептен соң Ташкенттегі Орта Азия политехникалық институтының құрылыс факультетін тәмамдап, жолдамамен Байқоңыр
ғарыш айлағына жұмысқа жіберіледі. 1973 жылы отбасының жағдайымен ауданға оралып, алғашында су шаруашылығы мекемесінде аға
инженер, болып істейді. Одан әрі «Өзгент» кеңшарына жіберіліп, түгелдей елді мекеннің құрылысын қолдан өткізді. 1978 жылы жас
маманға Кейденді көтеру талабы қойылды.
Кішігірім елді мекенде 18 ғана үй бар екен. Тұрғын үйлер санын 150-ге жеткізді. Бірлестікте 1,5 мың мал басы сиятын комплекс тұрғызылды. Тоқсаныншы жылдардан бастап аудандық РАПО мекемесіне инженер болып ауысты. Сол жылдары жүргізілген «Тұрғын-үй – 91» бағдарламасында біздің аудан облыста бірінші орын алғаны есте.
Ауданда құрылыс материалдарының тапшы кезінде Алшынбай ағамыздың аудан басшыларының тапсырмасымен ағаш іздеп,
Қиыр Шығысқа барып, Ханты-Мансиск өлкесінен келісім шартқа отыруға қол жеткізіп, елдегі шаруашылықтарға 8 мың тонна құрылыс материалдарын жеткізіп, тұралаған құрылыс ісін аяққа тік тұрғызғанын ел ұмыта қойған жоқ. Осының барлығы істің көзін таба білгеннің
көрінісі болса, бір жағынан елге болсын деген ниеттің қайтарымы еді.
Ол кісі зейнет демалысына шыққаннан кейін де қоғам тынысынан қол үзбей, халық игіілігіне бөлінген қаржының тиімді игерілуі бағытында кәсіби кеңесін аяп қалмады. Қашанда қоғамдық бақылаушы, қадағалаушы ретінде аудандағы жаңа тұрғын жай, жол мен ауыз су құрылысының басы-қасынан табылып, туралығын айтудан жалықпады.
Алшынбай Тұртановтың маман ретінде туған жер әлеуетіне қосқан үлесі өз алдына, ол руханияттың да жоқшысы еді.
Өзі шет елде жүрсе де туған ұлтының қамын жеп, азаттығын аңсап өткен Хасан Оралтай сынды мұңды тағдыр иелерімен тығыз қарым- қатынаста болып, бүтін елдің атынан екі арада мәдени көпір орнатуға барын салды. Жарға қазық байлаған жараулы ердің жалпыадамзаттық мәселелерді көтеріп, халқының жоғын түгендей аларына біздің осы тұста шын көзіміз жетті.
Ол газетіміздің тұрақты авторы ретінде ылғида төл басылымымызға жастар тәрбиесі мен ұлағаты тақырыбында мазмұнды жазбаларын
әкеліп, ол жарық көріп тұрды. Алда ауданның 95 жылдығы, газеттің 90 жылдық мерекесіне үлкен тартуым бар деп жүретін.
Елдегі қолы қысқа, қайырымға зәру азаматтарға көлеңкесін түсіріп жүретін ағамызды көпшілік те биік қадірледі. Ең бастысы, ол халыққа
керек адам еді. Елдік деңгейде өтіп жататын еңселі шараларға шақырту алып, қазақ ұлтының атынан сөз алып, жүрек сөзін бөлісіп жүрер білікті жанның сол көрген-білгенін мөлдіретіп айтып бергенінің өзі бір мектеп, ия, ауылда жүріп те академиктің ролін атқарып жүрер елжанды ағаларымызды мақтан етіп жүретінбіз.
Осындай асыл ағадан қапияда көз жазып қалғанымыз үлкен өкініш. Ағаның өнегесін көрген, соңынан ерген ізбасарлары көп болса жақсының аты өлмек емес.

Баян Үсейінова
18 маусым 2023 ж. 240 0