№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Өткен жолы өнеге

Өткен жолы өнеге


Біз әңгімелеп отырған кент тұрғыны, «Құрметті құрылысшы» Әбдірейім Тлепбаев «Жеңіс» деген қуанышты сөзді мектеп тартысында отырғанда естіген Тылдағы еңбектің ауыртпалығы жас балалардың да қабырғасын қайыстырып тұрған кез. Бірақ елгезек ұл сабағын үздік оқуға тырысты. Мектепті бітірген соң Ташкент қаласындағы Орта Азия политехникалық институтын тәмамдап еңбек жолын Оңтүстік Қазақстандағы «Совнархоз» аталатын құрылыс бөлімінде инженер болып бастапты. 1962 жылдары Қызылорда қаласындағы Казгидрострой тресі басшылығының шақыртуымен Жаңақорғандағы тас ұнтақтау карьеріне бас инженер болып ауысып келді.
Осы жерде жастық қайрат, табанды іс-қимылдарымен өндіріс ісін жолға қойып, көп жұмысқа бастамашы болады.
Ол кездері Түгіскен массивін игеру Сыр өңірі тіршілігінің тамырына қан жүгіртумен бірдей маңызымен Одақтың назарында тұрды. Тың төсінде жаңа шаруашылықтардың қазығы қадалып, сыртқа кеткен көп ағайынның көші елге қайта бұрылды. Осындай шақта халыққа тұрғын үй қажет, өмір сүруге лайықты жағдай қалыптастыру да бірінші алда тұрған міндет еді. Жол салу, жарық әкелу, мектептер мен балабақшалар соғу қас-қабат жүргізіліп жатқан кезеңде осы жұмыстардың барлығының тетігін тауып, төзіммен ұйымдастырып, істі алға бастайтын маманға көп міндет артылды.
Кәнігі кәсіп иесінің тап осындай қиын кезең – 1967 жылдары аудандық партия комитетінің ұйғарымымен жол мекемесіне алғаш бас инженер етіп жіберілуі, одан бастық етіп тағайындалуы жас жігіттің жігерін қайрап, қайратын еселеді. Өз жұмысын жауапкершілікпен атқаруға бел шеше кірісіп, осы жылдары жаңадан ұйымдасқан жеті кеңшарға, Талап пен Байкенже елді мекендеріне автомобиль жолдары төселді. Аудан көлеміндегі дүре тимеген қаншама жер игерілді. Қиыршық тас төселіп, бірнеше шақырым жер асфальтталып, ел игілігіне жарады. Сол жылдары еңбегі бағаланып, Бүкілодақтың социалистік жарыстың бірінші, екінші орындарын иемденіп, жеңімпаз атанды.
Жол – халық қазынасы Әбекеңдер негізін салған аудандағы сан тарау автомобиль жолдары әліге дейін халыққа қызмет етіп тұр.
Соңында өз қолымен салған қара жолы ғана емес, елдік мүдде, еркін ой, еңселі келбетімен табысқан кісілік қағидасын үлгі етіп қалдырған асыл азамат атанды. Жұбайы Нәзипа ана 35 жыл ұстаздық еткен кісі. Мәуелі бәйтеректен таралған алты ұл-қызы да жоғары білім алып, аудан ағарту және денсаулық сақтау саласында еңбек етіп жүр.
Қарашаңырақтағы ұлы мен келіні Ержан мен Зәуреш екеуі де аудан орталығындағы №169 орта мектебінде ұстаздық етеді.
Елге тұтқа, әулетке аға бола білген аталарын пір тұтқан немерелері сөзін екі еткен емес. Тіпті өмірлік мамандық таңдауда көпті көрген көшелі қарияның кеңесіне жүгінген қолдағы немересі Ердәулеті ветеринария мамандығын таңдап оқуға түсуде атасының қолдауы мен қамқорлығын ешуақытта есінен шығармайтынын жүрегі елжірей жеткізді. Осы жылдың ақпан айында өмірден озған абзал азамат есімін ел жұрты құрмет тұта бермек.
Баян АЛАУДИНҚЫЗЫ
11 наурыз 2021 ж. 604 0